Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуірдегі дыбыстық жүйесін қарастырады. Мәселен, қазіргі кездегі
мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылатын фонетика сипаттамалы фонетикаға жатады.
Салыстырмалы фонетика белгілі бір тілдің дыбыс құбылыс-тарын өзге тілдердің дыбыс жүйесімен салыстыра зерттейді.
Синкопа - сөйлеу барысында сөз ішіндегі (сөз ортасындағы) жеке бір дыбыс қана емес, бір не екі буын да түсіп (қысқарып)
қалуы.
Толық редукция – ауыз, ерін, орын, мұрын, ойын сияқты екін-ші буындарында қысаң дауысты бар екі буынды сөздерге
дауыс-тыдан басталған қосымша қосылғанда екінші буындағы қысаң-ның түсіп қалуы.
Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
Тасымал - жазып келе жатқанда, сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір я бірнеше буынды екінші жолға көшіру.
Тарихи фонетика(диахрониялық фонетика) тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырып, олардың даму
тарихын өзгерістен айқындайды.
Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерінді-кейінді қарсы әсері, сөз ішінде ілгерінді-кейінді ықпалдың қатар келуі.
Трифтонг – бір буынды құрайтын үш элементтен құралған күр-делі дауысты. Түркі тілдерінде трифтонг болмайды.
Фрикатив дыбыстар – ызың дауыссыздар
Фонетика (гр. phone - дыбыс, phonetіkos - дыбыстық) - тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Фонема - сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бі-рінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар
тілдің ең кішкене бөлшегі.
Фонетикалық принцип - сөздердің дыбыстық заңдарға сүйе-ніп, айтылуы және естілуі бойынша жазылуы.
Физиологиялық фонетика тілдегі дыбыстардың артикуляция-лық, акустикалық қасиеттерін зерттейді.