«Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша емтихан сұрақтары Теориялық сұрақтар


Етістікті тіркестерді тауып, компоненттер арасындағы синтаксистік қатынастарды анықтаңыз



бет3/9
Дата01.06.2023
өлшемі56,06 Kb.
#97710
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Емтихан сұрақтары

5. Етістікті тіркестерді тауып, компоненттер арасындағы синтаксистік қатынастарды анықтаңыз.
Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп, Ә.Тәжібаев талантты ғалым екенін танытты. Оның, әсіресе, поэзия мен драматургия саласындағы зерттеулері терең ғылымилығымен, талдауларының нәзіктігімен тәнті етеді.


6. Мәтіннен сөз тіркестерін тауып, топтастырыңыз:1) матаса байланысқан тіркестер, 2) қабыса байланысқан тіркестер, 3) меңгеріле байланысқан тіркестер, 4) жанаса байланысқан тіркестер.
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды.


7. Қабыса байланысқан тіркестер мен жанаса байланысқан тіркестерді тауып, толық синтаксистік талдау жасаңыз (басыңқы сыңарының қай сөз табынан жасалуы, құрылымы, синтаксистік қатынасы).
Бұл жолы үндемедім және үндеуді қажет те көрмедім. Күн қызара батты, тауды қара көлеңке басты (П.П.). Біздің жақта қыс қатты болады. Маралдың жасы биыл он бесте. Егіншілер жұмысын мезгілінде орындады. Бір топ кісі үйге асыға кірді. Мұқтар досының өзгеден бөлек мынандай қамқор ойларына ішінен таң қалды. Сібірлеген жауын таң ата басылды. Қала көшелері тап-таза.


8. Матаса байланысқан тіркестерді тауып, толық синтаксистік талдау жасаңыз (басыңқы сыңарының қай сөз табынан жасалуы, құрылымы, синтаксистік қатынасы).
Ал Құлзақ пен Досжан нұсқасында Құртқаның тұлғасы бұдан да айқындала түседі. Қобыланды мал бағып жүріп сол елдің қызына жолығады. Елі оны жылына бір келетін айдаһардың жолына қойған екен. Қобыланды қыздың орнында қалып, қырық құлаш қылышын тосып, айдаһарды өлтіреді.
9. Меңгеріле байланысқан тіркестерді тауып, толық синтаксистік талдау жасаңыз (басыңқы сыңарының қай сөз табынан жасалуы, құрылымы, синтаксистік қатынасы).
Бұрын қазақта екi жүзден астам тиым заңы болған. Мәселен, iшiп отырған құдығыңа түкiрме, нанның үстiне зат қойма, нанды теппе, тұзды баспа, үйге жақындағанда жүгiрме, жасы үлкеннiң алдын кеспе, төрде одан жоғары отырма, сөзiн бөлме, ата-ананың бетiнен алма, кемтар адамға күлме, кiсiге қару кеземе, кiсiге сыртыңды берме, малды басқа ұрма, бос бесiктi тербетпе, үйде отырып ысқырма, бас киiмiңдi аяқ асты тастама, өлiмге көңiл айтқан соң, басқа үйге кiрме, құстың ұясын, құмырсқаның илеуiн бұзба т.б. Осы тию заңдарының өзi жинақталып келiп, ұлттық ерекшелiгiмiздi, мәдениетiмiздi, әдебиетiмiздi, тiлiмiз бен дiлiмiздi, иманымызды көздiң қарашығындай сақтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет