27. Мәтіннен екі компонентті және көп компонентті салаластарды тауып, синтаксистік талдау жасаңыздар. Келгенше қонақ ұялар,Келген соң, үй иесі ұялар. Төбенің басына таман көтерілген сайын, біздің көз алдымыздағы көрініс суреттің ауданы кеңейіп, қыр өмірі өзінің ең дырдулы шағын көзге көрсеткендей болды (М.Ә). Июль жұлдызының аяғы болғандықтан, жайлаудағы шеткі қоныстарға өрістеп барған ел енді күзекке таман қайта көшуге айналып бір-бір қоныс кейін шегініп келіп отырған (М.Ә). Халқымыздың атам заманнан өмір сүріп келе жатқан жерлерi қандай көлемдi болса, оған қатысты атаулардың көп болатыны бәрiмiзге белгiлi. Соған байланысты жырдағы кездесетiн атауларға тоқталғанда, бiз жырдың таралу аймағын да көз алдымызға елестетеміз («Ел» апталығынан)
28. Сөйлемдерге тыныс белгісін қойыңдар, неге қойылғанын түсіндіріңдер. Аңыз болса да мұның бәрi ақиқат. Басымыздан кештiк деп екiншi қария әңгiменiң отын көседi Кешегi өткен әкелерiмiздi азын-аулақ малың бар деп құлақ атандырмады ма Тұп-тура жүнi жұлынған тауықтың кебiн кидi Әйтпесе қанатымызды қырқып жүнiмiздi талдап жұлудың не қажетi бар едi Кеңес өкiметi өзi жер бөлiп бердi Егiн егiңдер тойыныңдар артығын қазынаға өткiзiңдер дестi Кiмнiң байлығын басып қонысын тартып алып ек Тапсақ, қара жерге маңдай тердi сеуiп жүрiп тапқан өз нәпақамыз Тамақ асыраймыз деп жүрiп өзiмiзге өзiмiз дұшпандық қылғанымызды сонда бiр-ақ бiлдiк. Обал болар демедi абақтыға салды Сiбiрге айдады атылып кеткен жұрт қаншама Шаруасына кiм орнықты бекем болса сол алдымен iстi атанды Ырысы асқанды
29. Мәтіндіқұрылымдық негізі және функционалдық-стильдік топтары бойынша талдаңыздар. Бетпақдаланың түкпіріндегі Ұлытаудың қырқасын қыстап отырған жалғыз үй. Кәдімгі, қойын құрттап, айранын ұрттап отырған малшы үйінің төбесінде жер серігі – спутниктен хабар алатын табақтай шарайна тұр. Жалғыз үйдің күншығыс бетіндегі күннен энергия алатын табақтай-табақтай әйнектерге қарап…
– Сусын ішеміз де шығамыз… – деді, Ниетолла бауыр сыпайылық танытып.
Тұздалып жатқан ен-тегін еттің обалын ойлап қиналамын ғой баяғы.
– Асығыс болсаңыз… түннен қалған ырзыққа ырза боласыз… – деді, шаштарын қала мәнерімен қидырған келіншек дастархан жайып жатып. – Шынын айтқанда, біз өзіміз де қаладан келген қонақпыз… Шал-кемпірдің хал-жағдайын білейік деп… Мына балаларды мектепке дайындау керек… Бүгін-ертең қайтамыз… Үй иесі – мына Жарасқан ғой…
Манағы тұздалып жатқан мол еттің жағдайы енді түсінікті болды (С. Байхонов).