«Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша емтихан сұрақтары Теориялық сұрақтар



бет7/9
Дата01.06.2023
өлшемі56,06 Kb.
#97710
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Емтихан сұрақтары

23. Құрмалас құрамындағы сөйлемдерді байланыстырушы аналитика-синтетикалық және синтетикалық (грамматикалық) тәсілдерді көрсетіңіз, сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
Ши-амбы онысын ұнатыңқырамайды, бірақ тыйым да салмайды, мұның бетіне ажырая қарады (Қ.Ж). Бір-бірімізбен сөйлеспей келеміз, сонда да біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз. Шоқан ғылымға әбден берілді, сондықтан ол әскери қызметтен бос уакыттың бәрін Жоңғария туралы мәліметтер жинауға жұмсады. Бірде-бір мал жау қолында қалушы болмасын, әйтпесе басыңмен жауап бересің деген бұйрық келіпті (С.М).
24. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып, құрамына, семантика-грамматикалық сипатына және байланыстырушы амалдарына қарай топтастырыңыздар.
Жолдан шаршаған қыз бала ағаш түбiне келiп отырса, құлағына күмбiрлеген сарын естiледi. Қайдан шығатын әуен екенiн бiлгiсi келiп ағаш үстiне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетедi. Ағаш, түбiнен басына дейiн iшi қуыс екен, екi басында бұтақтан-бұтаққа керiлiп қалған iшектердi көредi. Екi iшек самал желмен тербелiп, одан әуен шығады екен.
Ө. Жәнiбеков
25. Құрмалас сөйлемдерді тауып, оның қай түріне жататындығын анықтаңыз.
Бәйдібек заманында жайлауында үйір үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы өрген асқан бай адам болған, керуендері шығыс пен батыс арасында жүрген. Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқы жау айдауында кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек, содан жау шапты деген хабарды естіген олар еліне келеді. Бәйдібек елден жасақ жияды, қасына алты ұлы да ереді.
26. Төмендегі сөйлемдер компоненттер арасындағы функционалдық қатынасы жағынан қандай сөйлемге жататынын анықтап, жасалу жолын түсіндіріңіз.
Сөзіне көбінесе сыбыр араласып, не айтқандары ұғымсыз болды (М.Ә). Қыс қаһарына мінгелі бері, қорадағы малдардың да жайы кете бастаған еді. Баласы бұл күйге жеткен соң, көп өлімді көзі көрген шешесі жалғызынан күдер үзе бастады (М.Ә).
2.Жолаушылар арбадан түсіп болғанша, сағынған жақындар Жұмағұлдың бетінен сүйіп алды (М.Ә). .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет