«Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша емтихан сұрақтары Теориялық сұрақтар


Мәтіннен анықтауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз, мағыналық түрін ажыратып, сөйлемге талдау жасаңыз



бет5/9
Дата01.06.2023
өлшемі56,06 Kb.
#97710
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Емтихан сұрақтары

15. Мәтіннен анықтауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз, мағыналық түрін ажыратып, сөйлемге талдау жасаңыз.
Қаулап еркін өскен шөптердің тұмса қалпына қарағанда мал аяғы түгіл бұл араға адам да сирек келетін тәрізді.(Ш.А.) Даланың кешкі салқын желі ауыл отырған өзекте аз-аздап білініп келеді.(М.Ә.) Желке тұсынан сыпайы, жұмсақ үн естілді. (Д.И.) Байғыздың күліп шақырғанын жақсылыққа жорып жатуші еді. (Д.И.)
16. Мәтіннен тұрлаусыз мүшелерді тауып, оның қай сөз табынан жасалғанын түсіндіріңдер.
Ата насихаты
Әкесі балаларына тату болыңдар деп ақыл айтты. Балалары әкесінің тілін алмай, төбелесе береді. Бір күні әкесі бір байлам сабауды алып, балаларына: «Сындырыңдар», - деді. Балалар оны оп-оңай сындырып береді.
Сонда әкесі былай деді: «Араздасып, төбелесіп араларың ашылса, сендер де осы сабау сияқты боласыңдар, жауды жеңу үшін ұйымдасып, бірлікте болыңдар, сонда сендерді ешкім де жеңе алмайды». (А.Байтұрсынұлы.)
17. Синтаксистік талдау жасап, бірыңғай және үйірлі мүшелер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айтыңдар.
Қасиетті Жетісу топырағынан небір дүлдүл ақын, бұлбұл әнші, жезтаңдай жыраулар шыққан. Солардың ішінде әйгілі Сүйінбай, Жамбыл сияқты ақиық ақынмен терезесі тең, керегесі көктес жан – осы Кенен Әзірбаев. (А. Сейд.) Бақшадан жастықтан, бақыттан, шаттықтан, сұлулықтан тасып шыққан ешбір қайғы-уайымсыз, күмістей таза күлкі естіді.(С.Ерубаев.) Бір күні бай баласын үлде мен бүлдеге орап, киіндіріп, ат-тұрманын сайлап, қасына бір жас шешен жігіт пен бір ақынды қосып, ауыл-ауылды аралап, қыз көруге жіберіпті.(«Сөз тапқанға қолқа жоқ» жинағынан.)
18. Мәтіндегі күрделенген сөйлемдердің жасалу жолын анықтап, синтаксистік талдау жасаңыз.
Шынымды айтсам, бірге оқитын қыздармен қалжындасудан да қорқамын. (Т. Жанұз.). Екінші жағынан, мен қаншалықты қауқарсыз болсам да осы уақытқа дейін қыздардың алдында өзімнің әлсіздігімді сездіріп, құрдай жорғалап жүргенім жоқ. (Т. Жанұз.). Мен кітапты былай ысырып қойып, Қабланды құшақтай алдым. (Д.И.) Оспан мен Смағұл алысу мен төбелесуден көз ашпайтын. (М.Ә.). Абай Қарқаралыдан қайтқан соң атқа мініп, ел аралаған жоқ.(М.Ә.). Байдалы, Байсал, Сүйірдіктер аттарына лезде мініп, қолдарына ұран салды. (М.Ә.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет