Қазіргі қазақ баспасөзіндегі қолданылып жүрген жұрнақтар арқылы жасалған жаңа атаулар
Қазіргі баспасөз беттерінен жинақталған тілдік деректер біз сөз етіп отырған мерзімде сөздерді біріктіру арқылы жаңа атаулар жасау тəсілінің жиі пайдаланылатыны байқалды. Негізінен екі сөзді біріктіру арқылы жаңа сөздердің көптеп жасалғанына мына төмендегі біріккен атаулар дəлел бола алады: айдарбелгі, айыппұл, айыптұрақ, ақорда, ақуыз, əлемтор, əнұран, əскербасы, əуежай, əуежол, əуесерік, бейнебақылау, бейнебаян, бейнежазба, бейнекөрініс, бейнеқұжат, бейнетаспа, бейнетүсірілім,
Сөздердің бірігуі арқылы жасалған жаңа атаулар
Біріккен, кіріккен сөздермен қатар кейінгі жылдары қос сөз түрінде келетін терминдер мен атаулар да пайда бола бастады. Солардың бірқатарын баспасөзден кездестіруге болады. Мысалы, арыз-тілек (петиция), əл-ауқат (благосостояния), көші-қон (миграция), өлім-жітім (летальность), саудасаттық (аукцион), штаб-пəтер (штаб-квартира), іс-қимыл (действия), ісшара (меропрятия), іс-əрекетсіздік (бездеятельность) т.б.
Бұл атаулардың кейінгі екеуінен өзгелері тілде бұрыннан қолданыста бар сөздер. Бұрыннан болғанмен бұлардың көбі дəл сол бастапқы мағыналарында қолданылып тұрған жоқ. Мағыналары мейлінше нақтыланып, қосымша мағына үстеп, белгілі бір терминдік мағынаны білдіретін ұғымдарға телінген.
Жаңадан жасалған жəне жаңаша қолданыстағы қос сөздер
Жаңадан жасалған терминдер мен жалпы тілдегі атаулар қазіргі термин шығармашылығында, сөзжасам үдерісінде калька тəсілі өте өнімділік танытып отырғаны байқалады.
Ашық есік күні(день открытых дверей), ашық қоғам (открытое общество), бір терезе (одно окно), сауда нүктесі (торговая точка),
Келтірілген мысалдағы калька атаулар бұл тəсілдің қазіргі таңда қандай өнімді тəсілге айналып отырғанын анық көрсетеді. Бұған жартылай калька мен семантикалық калькаларды қосар болсақ, бұл тəсілмен жасалған атаулар саны тағы да арта түспек. Қазіргі баспасөзде кездеспегенімен, арнаулы салалардың өзінде қолданылып жүрген калька тəсілімен жасалған терминдер үлесі тіпті үлкен. Жалпы бұл жеке əңгімеге арқау етіп алып, арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырылуы тиіс мəселе.
Достарыңызбен бөлісу: |