«Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Мамандығы: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет10/41
Дата06.06.2022
өлшемі176,52 Kb.
#36443
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

Бақылау тапсырмалары
Аффикстік морфема деген не? Мысалмен дәлелде.
Синонимдес аффикстерге мысал келтір.
Омонимдес аффикстерге мысал келтір.
Антонимдес аффикстерге мысал келтір.


Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақ грамматикасы. – Астана. 2002ж.

  2. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.- А. 1995ж.

  3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология, -А. 1991ж.

  4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, - 1992ж

Дәріс 6.


Тақырыбы: Грамматикалық тәсілдер. Аффиксация тәсілі.Ішкі флексия тәсілі. Қосарлану тәсілі.
Дәрістің мақсаты: Грамматикалық тәсілдер туралы білімдерін кеңейту.
Жоспары:
1.Аффиксация тәсілі.
2.Ішкі флексия тәсілі.
3.Қосарлану тәсілі.
1.Аффиксация тәсілі

Аффиксация тəсілі. Түбірге (немесе негізгі) аффикстер жалғау арқылы грамматикалық мағынаның берілу тəсілі аффиксация тəсілі деп аталады. Аффиксация тəсілі грамматикалық тəсілдердің ішіндегі ең кең таралған тəсіл. Бұл тəсіл түркі тілдерінде өте-мөте жиі қолданылады. Аффиксация тəсілі түркі тілдеріндегі деривациялық мағынаны да, релеяциялық мағынаны да білдіреді. Демек, аффиксация тəсілі грамматикалық мағыналарды білдіру үшін жұрнақтарды да, жалғауларды да пайдаланады. Грамматикалық мағынаның бір түрі деривациялық мағына жұрнақтар арқылы берілсе, екінші түрі-реляциялық мағына жалғаулар арқылы беріледі. Мысалы, -шік,-ғыш, -дыр жұрнақтары үйшік, жазғыш, жаздыр деген сөздерде деривациялық мағынаны білдірсе, -лер, -іміз, -де жалғаулары үйлерімізде деген сөздереляциялық мағынаны білдіреді.


Аглютинативті тілдерде, мысалы түркі тілдерінде сөз аглютинация принципі бойынша құралады да, түбірге аффикстер бірінің үстіне бірі жалғана береді.
Агглютинация латын тілінің agglutinatic- (жапсырылу, желімдеу) деген сөзінен жасалғант ермин, жалғамалы деген, мағынаны білдіреді. Түркі тілдерінде аффикстер түбірге немесе негізге жалғанғанда, қалай болса солай, өз бетінше емес, белгілі бір тəртіп, заңдылық бойынша жалғанады. Бір сөздің құрамында бір нешше аффикс қабаттасып келгенде, түбірге алдымен жұрнақтар, олардан кейін жалғаулар жалғанады. Сөз құрамында бірнеше жалғау қабаттасып келсе, алдымен көптік жалғауы, одан соң тəуелдік жалғауы, мұнан соң септік жалғауы, оның үстіне жіктік жалғауы жалғанады. Мысалы, ауыл-дар-ыңыз-дан-быз деген сөздің құрамындағы ауыл-түбір, -дар - көптік жалғауы, -ыңыз- тəуелдік жалғауы, -дан - шығыс септік жалғауы, -быз - жіктік жалғауы. Түркі тілдерінде жалғаулардың осы тəртіппен (жүйемен) жалғануы, негізінен алғанда, сақталады. Аффикстердің белгілі бір тəртіп бойынша жалғануы грамматикадағы жүйелі қатынастарға негізделеді. Түбір (немесе негіз) мен аффикстердің көп мағыналы бола алуы жəне олардың жалғануынан түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі құбылысы фузия (ерітілу, қорытылу) деп аталады, ал түбір мен аффикстердің бір-бірімен жай жайғаса қосылуы агглютинация құбылыс де паталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет