«Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Мамандығы: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет6/41
Дата06.06.2022
өлшемі176,52 Kb.
#36443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

Бақылау сұрақтары:
Грамматиканың зерттеу объектісі нелер?
Лексикалық жəне грамматикалық абстракциялар бір-бірінен немен ажыратылады?


Негізгі əдебиеттер:

  1. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы: Санат, 2003.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы: Өлке, 2010.

  3. Исаев С. Қазақ тіл білімінің мəселелері. Алматы: Абзал-Ай баспасы, 2014.

  4. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.

  1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1991.



Қосымша əдебиеттер:

  1. Омарова С. Тілдік категория ұғымының сипаттамасы // Қазақ тілі мен əдебиеті, № 12,

2004, 86-92-б.б.


Дәріс 2.
Тақырыбы:Грамматиканың салалары.
Дәрістің мақсаты: студенттерге грамматиканың салалары мен зерттелу жайы туралы мәлімет беру.
Жоспары:
1. Грамматиканың салалары мен түрлері
2. Грамматиканың зерттелу жайы
Грамматиканың салалары мен түрлері

Тілдің грамматикалық құрылысын əр тұрғыдан-замандар бойында тарихи дамуы, қалыптасуы тұрғысынан, немесе тілдің өмір сүріп тұрған кезіндегі қалпы тұрғысынан қарастыруға болады. Мұнымен бірге, туыстас тілдердің грамматикалық құрылысы өз арасалыстыру тұрғысынан да қарастырылады. Осыған орай, грамматиканың бір неше түрібар. Тілдің грамматикалық құрылысын ондағы грамматикалық формалардың пайда болуымен біртіндеп қалыптасып дамуын тарихи тұрғыдан қарастырып баяндайтын грамматика-тарихи грамматика деп аталады. Тілдің өмір сүріп тұрған дəуіріндегі қалпын қарастырып баяндайтын грамматика сипаттама грамматика немесе синхрониялық грамматика депаталады. Туыстас тілдердің грамматикалық құрылысын, ондағы грамматикалық категориялар мен грамматикалық формаларды жəне түрлі-түрлі грамматикалық амал-тəсілдерді өз ара салыстыру тұрғысында қарастыратын грамматика салыстырмалыграмматика деп аталады.


Тіл білімінің əр бір саласының қарастыратын единицалары бар. Грамматика тілдегі грамматикалық единицаларды–морфемамен сөзді, сөз тіркесі мен сөйлемді жəне ол единицалардың басын қосып ұйымдастыратын қатынас жасауда іске жарататын, əрі олардың бір-бірінен жігін ажырататын тəсілдер мен құралдарды зерттейді. Грамматикалық единицалар мен грамматикалық категориялар жəне грамматикалық формалар мен тəсілдер осы тараудың тиісті бөлімдерінде қарастырылады. Аталған единицалардың (морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем) ішінде екі жақтықұбылыс ретінде қаралатын единица-сөз. Сөз тілдің лексикалық жүйесінің единицасы ретінде лексикологияда қарастырылғанда, біріншіден, лексикалық мағынасы, мағыналық құрылымы, (смысловая структура) жағынан, екіншіден, шығу тегі жағынан, үшіншіден, қолдану аясы мен шеңбері жағынан қарастырылады. Алсөздің грамматикалық единицасы ретінде грамматикада сөз қарастырылғанда, біріншіден, оның (сөздің) бойында лексикалық мағынамен бірнеше грамматикалық мағыналарұштасып келуі жағынан, екіншіден, морфологиялық құрылымы мен құрылымдық элементтері жағынан, үшіншіден, формалары жағынан, төртіншіден лексика-грамматикалық топтарға (сөз табына) қатысы жағынан, бесіншіден, сөз тіркесі мен сөйлемнің құралуына қатысы жəне олардан қызметі жағынан қарастырылады.
2.Грамматиканың зерттелу жайы. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының ана тілімізде зерттеліп жарық көруі ғасырымыздың алғашқы 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы-1914 жылы «Тіл құралы» деген атпен Орынборда жарық көрген А.Байтұрсынов жазған оқулық. Осы еңбегінде автор қазақ тіліндегі сөздердің құрылысын «Сөз тұлғасы» деп атап 5 түрге бөледі. Олар түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы, қосымшалар деп аталған да әрқайсысы жеке-жеке талдап түсіндірген. Сөздерді топқа бөлуде осы оқу құралынан басталады. Оқулық авторы сөздерді үш топқа бөледі де; 1-не зат есім, сын есім, есімдік, етістік; 2-не үстеу, демеу, жалғаулық деп аталатындарды жатқызады да, 3-не одағайды өз ішінен еліктеуіш, септеуіш одағайлары деп 2-ге бөледі. Осы еңбегінде айтылған пікірлерін «Тіл құралының» 1924 жылы басылымында да кеңейте, дәлелдей түседі. А.Байтұрсынов оқулықтары қазақ тілінде жазылған тұңғыш еңбектер болғанмен, көптеген мәселелерді өте білгірлікпен, көрегендікпен айта алған. Мысалы: қосымшалар туралы былай дейді: «Қосымшаларда өз алдымен мағына жоқ, сөзге жалғанбай айтылмайды. Қосымша екі түрлі болады: бірі сөздің тұлғасы ғана өзгертеді, мағынасы өзгертпейді, бұл - жалғау, екіншісі - сөз тұлғасын да, ішкі мағынасын да өзгертеді, бұл – жұрнақ».
Сөйтіп, морфология ғылымның бастауы, негізгі А.Байтұрсынов еңбегінен басталады. Орыс түркологтары жазған қазақ тілі грамматиканың ең соңғы- 1927ж. Г.А. Архангельскийдің құрастыруымен Ташкентте басылған. Еңбекте өте ықшамды түрде фонетикалық, морфология мен синтаксистік мәлімет берілген.
1930 жылдардан бастап морфологияның жеке мәселеріне арналған шағын көлемді мақалалар мерзімді баспасөз беттерін де, әсіресе сол кездегі ғылыми-педагогикалық журналдар - «Төте оқу», «Ауыл мұғалімі», оның орнына келген «Халық мұғалімі» журналдары беттерінде жиі-жиі көріне бастайды. Осы он жылдықтың аяғына дейін жеке сөз таптарына, қосымшаларға арналған 30-ға тарта мақала жарияланыпты. Олардың көпшілігін Қ.Жұбанов, Х. Басымов, Ш.Х. Сарыбаев, Е.Жиенбаев, О.Аманжоловтар жазған. Және де 1936 жылы Қ. Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулығы шыққан. Автор қазақ тіліндегі сөздерді екі түрлі белгісіне қарай жіктейді:оның 1-і тұлғасына қарай, 2-сі лексика -грамматикалық белгісіне қарай жіктеу. Тұлғасына қарай сөздерді алты топқа бөледі. Олар: түбір сөз, қосымшалы сөз, біріккен сөз, қиюлы сөз, қосар сөз, қосалқы сөз. Бұл арада автордың А.Байтұрсынов қолданған терминдерді біраз өзгертіп қолдануға тырысқанымен, басқа жаңалығы онша емес және термендері де өмірлік бола алмады. Бұдан басқа жұрнақты үстеу немесе үстеуіш де, үстеуге жататындарды мезгіл-мекен есім де атауы да қазақ тіл білімінде қабылданбады.
Ал 1938 жылы Аманжоловтың авторлығымен «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулықта жарық көрген. Алдыңғы еңбектер сияқты мұнда да сөздерді тұлғасына, тобына қарай жіктейді, дегенмен алдындағы оқулықтармен салыстырғанда теориялық дәрежесі төмендеу болды. Бұл он жылдықтың атап айтуға тұрарлық бір жаңалығы –қазақ тіл білімінің салаларын даралап арнайы зерттеу, салаларының негізінде кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғау болды. Мәселен етістіктің есімше, көсемше, етіс, шақ категориялары, көмекші етістік, сын есім шырайлары мен үстеу арнайы зерттелді.
40-жылдар ішіндегі морфологияға қатысты еңбектің бір елеулісі –Н.Сауранбаев пен Ғ.Бегалиев жазған «Қазақ тілінің грамматикасы» болды.. Осы еңбекте «морфема» дейтін грамматикалық термин қазақ тіл білімінде алғаш рет қолданылды. Қ.Жұбанов еңбегінде өзгертіліп қолданылған грамматикалық терминдерді соңғы авторлар Байтұрсынов қолдаған атаумен атап, құрастырған. Сөздерді есімшелер, етістіктер, есімдіктер, үстеулер, көсемшілер, одағайлар деп алты топқа бөледі. Сөйтіп, терминдік классификацияның алақұлалығына қарамастан қазақ тілі морфологиялық жүйесі ілгері дамыды.
1950 жылдан бері қарай уақыт ішінде морфологияның жеке мәселелеріне қатысты жүзеге тарта ғылыми мақала, 20-ға тарта монографиялық зерттеулер мен кітаптар жарық көрді.
Етістік категорияларын зерттеуге арналған: Мамановтың, Қалыбаева, Оралбаева, Ерғалиевтің еңбектерін. Сын есім категорияларына арналған: Ғ.Мұсабаев, Ж.Шәкенов, Ә.Төлеуов, М.Жолшаева еңбектерін. Сан есімге арналған: Ә.Хасенов, одағай, еліктеуіш сөздерді зерттеген Ш Сарыбаев, Катенбаева, үстеуді А.Ысқақов, есімдікті Ибатов, шылауды зерттеген Р.Әміров, Т.Қордабаев еңбектерін атауға болады.
1954ж. Академиялық «Қазіргі қазақ тілі» оқулығы шығарылды. 1967жылы «Қазақ тілі грамматикасы» I, II бөлімі, ал 2002 ж. «Қазақ грамматикасы» т.б. көптеген еңбектер жарыққа шықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет