Бақылау сқрақтары:
Мағына жасауда грамматикалық форманың маңызы не?
Әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
Дәріс 9
Тақырыбы: Сөздің синтетикалық формалары. Сөздің аналитикалық формалары.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге сөздің синтетикалық және аналитикалық формалары туралы білімдерін кеңейту.
Жоспары:
1.Сөздің синтетикалық формалары.
2.Сөздің аналитикалық формалары.
1.Сөздің синтетикалық формалары
Тілде сөз формаларының екі түрі бар-бірі сөздің синтетикалық формалары, екіншісі - сөздің аналитикалық формалары. Сөздің синтетикалық формалары екі түрлі жолмен, атап айтқанда бірінші - аффиксация арқылы, екінші дыбыстардың алмасуы (ішкі флексия) арқылы жасалады.
1.Сөзге əртүрлі аффикстердің жалғануы арқылы оның түрлі-түрлі формалары жасалады. Сөздің синтетикалық формаларының аффиксация тəсілі арқылы жасалуы көптеген тілдерге тəн жəне ол жиі ұшырасады. Мысалы, қазақ тілінде: етікшілер, етікшілерге, етікшілердің, етікшілері, етікшілерміз, орыс тілінде: стол - столы, ағылшын тілінде table (үстел) tables (үстелдер). Сөздердің синтетикалық формаларын жасаудың аффиксация жолы тілдерде аффиксация, префиксация, инфексация түрінде кездеседі.
Аффиксация орыс тілінде суффикация жəне префискация түрінде көрінеді, ал түркі тілдерінде мұның бір-ақ түрі- аффиксация түрінде ғана қолданылады. Сөз түрлендіретін жəне оның формаларын тудыратын аффикстердің ішінде, əсіресе, жалғаулардың қызметі айрықша. Олар сөздің формаларын жасайды, əртүрлі синтаксистік қатынастарды білдіреді. Жұрнақтардың ішінде кейбіреулері (олардың басым көпшілігі сөз тудырушы қызмет атқарады) сөздің формасын тудырады. Мысалы, қазақ тілінде –рақ (-рек, -ырақ,-ірек) жұрнағы сын есімнің салыстырмалы формасын (жасырақ, көгірек, толығырақ, биігірек) тұдырады. Жалғау атаулының барлығында (көптік, тəуелдік, септік, жіктік жалғаулары) сөздерді түрлендіріп, оларды бір-бірімен байланыстырады жəне сөздің əртүрлі формаларын жасайды.
2.Сөздің синтетикалық формалары дыбыстардың алмасуы немесе ішкі флексия тəсілі арқылы да жасалады. Мысалы, ағылшын тілінде тап (ер, еркек)-тен (ерлер, еркектер), неміс тілінде dast (қонақ)-daste (қонақтар) араб тілінде раджан (ер, еркек)-риджал (ерлер,еркектер) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |