5. Жанасу. Орны жағынан басыңқы сөзбен қатар тұратын атау тұлғадағы бағыныңқы сөздің алшақ тұрып-ақ, еркін байланысуын жанасу дейміз. Мысалы, Қар жапалақтап жауды. Малшылар жайлаудан кеше келді. Бұл сөйлемдерде жапалақтап жауды, кеше келді деген жанаса байланысқан сөздер бар. Алдыңғы сөйлемдегі жапалақтап деген сөзді бірінші орынға қойып, жапалақтап қар жауды десек те, екі сөздің өзара байланысы бұзылмайды. Осы сияқты, екінші сөйлемдегі кеше деген сөзді өз орнынан алып, сөйлемде әр орынға қоюға болдды. Мысалы, Кеше малшылар жайлаудан келді, Малшылар кеше жайлаудан келді. Малшылар жайлаудан кеше келді т. б.
Жанасудын бағыныңқы сынары дара мағыналы бір-ақ сөзден жасалады. Жоғарғы мысалдардағы жапалақтап жауды, кеше келді деген тіркестер жай жанасуға жатады. Жай жанасудын бағыныңкы сынары көбінесе үстеуден (әсіресе мезгіл үстеу, көсемше, кейде басқа сөз таптарынан да) болуы мүмкін.
Күрделі жанасудың бағыныңқы сыңары көбінесе септеулік шылаулар мен көмекші есімдер қатысты күрделі сөздерден жасалады. Мысалы: Шаңғышылар тауға қарай жүреді. Қойлар беткейге таман ығысты, Жұмыс жайында сөйлестік. Есік алдында екі ат байланған.
Жанаса байланысқан сөздердің басыңқы сыңары көбінесе етістік болады. Мысалы: Кенет Нұрғайша Тінәліқызы қарқылдап күліп жіберді. Мұнда кенет, қарқылдап деген сөздер күліп жіберді деген күрделі етістікпен жанаса байланысқан.
Әдебиеттер: 1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007