31. Анықтауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз: А) Үй ішіндегі үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды В) Желсіз түнде жарық ай. С) Бірінші хатым Володяға жазылды D) Теңізден өкпек суық соғып тұр. Е) Үлкен кітаптың бетін ашты F) Үшінші танысым сен болдың 32. Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз: А) Мен де, ол да студентпіз В) Сусап жүргенде көзіміз қайта-қайта түскен С) Ертіс өзенінің бойындағы қалалар мыналар: Өскемен, Семей, Павлодар, Омск. D) Жастық – ерлік жасайтын шақ. E) Ғылым таппай мақтанба, өнер таппай баптанба. F) Апасы, атасы, анасы – бәрі елде. 33. Талғаулы жалғаулық арқылы байланысқан бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз А) Ол не күлерін, не жыларын білмеді В) Ұлпан жүзінде өкініш те, күйініш те жоқ С) Бұл жолы өте сақ қимылдап, жеңетін болды D) Өлең туралы сөйлеген сайын көзі жайнап, шабыттана түсті Е) Барлық пәленің бәрі колхоздың ұсақтығынан F) Тура келесің бе, әлде жолдағы ауылға соқтың ба?