Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі


Қиыса байланысып тұрған тіркесті табыңыз



бет6/12
Дата23.12.2023
өлшемі43,96 Kb.
#143118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі

44. Қиыса байланысып тұрған тіркесті табыңыз:
А) Шай ішу
В) Қызық кітап
С) Оқушының жабдығы
D) Бұл – Шолақсай
Е) Аққұба бала
F) Біз оқушымыз.
45. Есім сөзден болып тұрған баяндауыш сөйлемді табыңыз:
А) Шошынған шешесі есінен танып қалды
В) Тасыған өзен гүрілдеп
С) Арада жеті-сегіз күн өтті
D) Қарттың аты – Амантай
Е) Күн күлімдеп тұр
F) Бұл ауыл қазір Ой құдықта
46. Жалпылаушы сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз:
А) Асан, Нұржандар келе жатыр
В) Журналистер, оқырмандар орталық кітапханада кездесті
С) Ақ қайың, ойдағы көк, хош иісті жусан – осының бәрі ауылды сұлуландыра түседі
D) Білім негізі, оқу кілті – бастауышта
Е) Жүрісі, іс-әрекеті әкесіндей еді
F) Көшек, Ержан, Земцов – үшеуі зеңбіректі жау бағытына қарай дайындап жатыр.
47. Атаулы сөйлемді табыңыз:
А) Менің бақытым – еңбекте
В) Халқым аман болсын
С) Баянауыл. Атақты Жасыбай көлі.
D) Сыр шашпайтын адам
Е) Дауыс күшейте түсті
F) Жүрісі, іс-әрекеті әкесіндей еді.
48. Сұраулы сөйлемді табыңыз:
А) Жап-жас адам осы іске бармады
В) –Құдалар қайдан қайтты
С) Па, шіркін жастық дәурен қайтып келер ме еді!
D) Ерекше күндер еді ғой
Е) Таң жаңа да атқан
F) Әсел сен бүгін ерте ояндың ба
49. Бұйрықты сөйлемді табыңыз:
А) –Балам-ау, Тасқұдыққа жеткізіп салмайсың ба
В) Құдай-ау, мен неге сонша құбыжық болдым
С) Үйден шықпаңдар! Отты байқап отырыңдар
D) Жоқ, қайнаға, өтірікке мөр баса алмаймын
Е) Мынау сол ауылдың мұғалімі ғой
F) - Канат, түс аттан!
50. Жақсыз сөйлемді табыңыз:
А) Қар қалың
В) Оқушы мінезінің өзгеруін бақылап отырдық
С) Тәрбиеші әр уақытта балалармен байланысын үзбеуі керек
D) Жаңажол ауылының мәдениеті жоғарылаған
Е) Көпке топырақ шашуға болмайды.
F) Қазилаға Сәкенмен бірге жүруге тура келді.
51. Белгісіз жақты сөйлемді табыңыз:
А) Ол кезде көмірді қауғамен тартатын
В) Кімнің не айтып жатқанын аңғарып болар емес
С) Сонда менің ауданға баруым керек пе?
D) Қарсы сөйлейтін өзінсің
Е) Көңілдің көзіне бастату керек
F) Нарларды көбінесе жүкке пайдаланады
52. Көсемшелі оралымды күрделенген сөйлемді табыңыз:
А) Бірақ осы соңғы екі жылда Жұмагүл орнын тапты
В) Сен болыс болмасаң, Базаралы келер ме еді
С) Бұған қатты ренжи отыра, Шоқан өзінің де, елінің де жарқын болашағынан күдер үзген жоқ
D) Оттың күштілігі сондай, күндік жерден күйдіреді
Е) Абай Дәркембайдың құшағынан шығысымен, өзге екеуді енді ғана таныды
F) Сіздің қалаңызда мен бір күн түнеп, келесі күні ертемен жүріп кеттім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет