«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы және фразеологиясы» пәні Билет №27



бет2/6
Дата23.12.2022
өлшемі33,06 Kb.
#59263
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекс- 27,28,30 билет

Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай. Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді.

Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай, итерқұл, аламан ау); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқа салаларға қатысты болады.


Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта – жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара – жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек – үлкен ара, аталғы – ойық жүзді шот, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, аттіс – темір қысатын құрал, ыңғуыр – ағаш оятын құрал; етікшілік (созан – ине сияқты құрал, ұштық – созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек – етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы – оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап, бағбан, дақыл, беде, танап, көшет, атыз, тағы басқа.


3. Төмендегі тапсырмадан стилистикалық нелогизмдерді көрсетіңіз




Стилистикалық неологизмдер дегеніміз - өрнекке немесе терминге жиі қолданылатын сөздерге қатысты сезімтал және жағымды реңк беру үшін қолданылатын сөздер. Әйтпесе, олар заттардың қабылдауын өзгертуге арналған сөздер. Мысал: қайтыс болған, қараңғы, соқыр немесе концерт.

Жасты торып, жағынып,


Жалғандайды, алдайды (І. Жансүгіров).
Елесіне ішім елжіреп,
Жанымды улап дерттейсің (сонда).
Ұрыға азу басып іздеді жұрт:
Қолға бер, Құлагердей қызылдаймыз (сонда).
Жайқап туды,
Лектеп нуды,
Жауды қуды (С. Сейфуллин).
Ен далаңды сәулеттеуге
Шын сертіңді бер, Мырқымбай (Б. Майлин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет