«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы және фразеологиясы» пәні Билет №27



бет1/6
Дата23.12.2022
өлшемі33,06 Kb.
#59263
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекс- 27,28,30 билет


«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы және фразеологиясы» пәні
Билет №27
1. Фразеологизмдерді зерттеген қазақ тіл біліміндегі зерттеушілерді атаңыз
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан баталып, бүгінгі күнге дейін зерттеушілер назарына ілігіп, зерттеу обьектісіне айналып, әлі толастамай келеді. Фразеологизмдердің теориялық – практикалық мәселелерін І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, К. Аханов, Р. Сәрсенбаев және кейінгі буын зерттеушілер А. Байтелиев, Қ. Қалыбаева, Н. Қашанова, С. Сәтенова т.б. фразеологизмдердің тақырыптық – мағыналық топтарын, синтаксистік қызметін арнайы зерттеп, тұжырымдар жасады.
Фразеологияны дербес пән ретінде қарастыру туралы ой тастап, түркі тілдес халықтар тіл білімінде осы мәселеге байланысты зерттеудің тууына игі әсер еткен, қазақ фразеологиясының мәселесімен шұғылданып, арнайы зерттеу жүргізген, сол жайында еңбек жазған І. Кеңесбаев болды. Ал С. Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектілігін атап өтіп, бағыт – бағдарын көрсетеді және фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесіне қатысы жайлы айтып өтеді. Н. Сауранбаев фразеологияға не жатады дегенге көңіл аударады. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығына (1954 ж) фразеология бөлімін енгізген Ғ. Мұсабаев та фразеологиялық ерекшеліктерге көп көңіл бөлген. К. Аханов мәтелдер мен шектеулі тіркестерді фразеологиялық тіркестер құрамында қарастырып, өзінің «Тіл біліміне кіріспе» атты жоғары оқу орындарына арналған оқу құралының лексикология тарауында қазақ тілі фразеологиясына В. В. Виноградовтың классификациясы бойынша жіктеу берсе, Р. Сәрсенбаев «Мақал – мәтелдер мен нақыл сөздердің фразеологияға қатысы, бұлардың тұрақтылығы мен эвфониялық құбылыста қолдану сипатына байланысты, осы сипаттар арқылы бұларды фразеологиялық единицалар тобына қосып қараймыз деп атап өтеді. Сонымен қатар тіркестердің бір түріне жататын мақал – мәтелдердің тілік ерекшеліктеріне тоқталады». Ә. Болғанбаевтың «қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мәнді тұрақты сөз тіркестері», М. Белбаеваның «Сұлтанмахмұт шығармаларындағы фразалық тіркестер» мақалалры мен осы жылдары қорғалған Х.Қожахметовтың «Ғ.Мустафин шығармаларындағы фразеологиялық орамдар», Е.Бектұрғановтың «М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясындағы тұрақты сөз тіркестері» кандидаттық диссертациялары сол кезеңнің ізденіс нәтижелері еді.

2. Кәсіби сөздерге мысалдар келтіру арқылы анықтама беріңіз






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет