19. Метафора, оныңтүрлері мен жасалужолдары. Мысалдармендәйектеңіз. Метафора – сыртқы және ішкі белгілеріндегі ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы болып табылады. Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі” деген Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, т.б. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады: “Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?” (М.Мақатаев). Метафорада екі зат не екі құбылыс (балайтын және баламайтын) қатар алынады. «Сен – шөніксің» (сен және шөнік), «Исатай – ел серкесі (Исатай және серке), т.б. Метафораның бір алуаны: -мын, -бын, -пын, -сың, жіктік жалғаулары не -м, -ң, -ы (сы) тәуелдік жалғауларының көмегімен жасалынады. Мысалы: Сен – бұзау терісі шөніксің, Мен – өгіз терісі талыспын (Бұхар) Бес түлеген бөрімін, Белге соқсаң жығылман. (Халық жыры) Жіктеу, тәуелдеу жалғауларының немесе көмекші етістердің жәрдемімен жасалған метафораларда көпшілігінде бірінші жағы көрінбей ойда тұруы, әйтсе де сөз метафораның мағынасын беруі мүмкін. «Бес түлеген бөрімін», «Қойда бағылан қозы едім, жылқыда шаңқан боз едім» деген сөйлемдерде «мен» жасырынып тұр. Кейде екі жағы да қатар келе береді. «Сен жаралы жолбарыс ең, мен киіктің лағы ем», тағы басқалар. Метафора кейде бейне, бейне бір (тең) деген сөздердің көмегімен де жасалады. Пайдасы мол жігіттер, Дария шалқар көлмен тең. Өз басынан пайдасы аспаған5 Ел қонбаған шөлмен тең. 20. Метонимия түрлері, жасалужолдары, мысалдармендәлелдеңіз. Метономия өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Мысалы, әйелді – “ақ жаулық”, әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады. Метонимия сөз образдылығы мен ойды ықшамдау мақсатында қолданылады. Мысалы, Абай “Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға” дегенде сүйінші сұраған жандардың баспанасын емес, адамдарын айтады. Жұрт жазда жиын той болмаса, алыстан бір аса қадірлі қонақ келмесе, бостан-босқа қан шығармайды. Берілген мысалдағы мал соймау тіркесінің тұлғалық құрылымын өзгертіп, болымсыз мағынадағы «қан шығармау» фразеологиялық тіркесінің «қан» компоненті арқылы «қызыл көрмеу» яғни, «ет көрмеу», «қан шығармау» метонимиясы арқылы «мал сойылмау» мағынасын түсінеміз. Бұл салған ойран-бүліктердің тұсында тек басын баққандар ғана қол аяғы сау қалады. Жазушы Ә.Кекілбаев етістік тұлғалы тұрақты тіркеске есімшенің «-қан» жұрнағын жалғау арқылы заттандырып, сол арқылы күрделі метонимия жасаған. Бұндағы «басын баққандар» тұрақты тіркесі «өзін ғана қорғаушылар» деген мағынаны алмастыру арқылы берілген. Адамның бір мүшесі «бас» арқылы жалпы адамдар деп түсінеміз.