Диалектологиялық сөздіктер және оларды құрастыру белгілі бір ғылыми мақсатты көздейді. Диалектологиялық сөздік әдеби тілдің лексикасынан тыс жатқан ,бірақ ұлттық тілдің жергілікті тармақтары болып табылатын диалектілерге немесе говорларға тән сөздер мен сөз тіркес терін қамтиды.Ұлт тілінің ішіндегі жергілікті диалектілерге тән әр түрлі ерекшеліктерді салыстыру тілдің тарихи дамуын танып білуге көмектеседі. Диалектологиялық сөздікте жергілікті диалектілерге тән сөздер(диалектизмдер) беріледі де, оның мағынасы әдеби тілдегі сөздермен (синонимімен) түсіндіріледі. Мысалы: Далан. Сенек, ауыз үй, кіре берістегі бөлме: балалар даланда отыр (балалар сенекте отыр). (Кег. АЛОМ); Далан сөзі кейбір түркі тілдерінде де бар: қырғызша далан – ауыз үй, алдыңғы бөлме; ұйғырша далан – алдыңғы бөлме, өтетін жер; түрікменше далан- үй алды; әзербайжанша далан, дәллиз,парсыша далан сенек, коридор.
Салыстырмалы сөздік те ғылыми мақсат көздейді.Онда туыстас тілдердегі ортақ түбірлес сөздер беріледі; ондай сөздердің әр түрлі туыстас тілдердегі ұқсас жақтары да, айырым жақтары да көрсетіледі. Туыстас тілдерді салыстырмалы –тарихи әдіс бойынша зерттеп, олардың даму заңдылықтарын айқындауда салыстырмалы сөздіктер құнды-
құнды материалдар бере алады. «Сөздікте» белгілі бір сөздің түркі тілдерінің әрқайсысында дыбысталу түрі көрсетіліп, мағынасы орыс тілінде аударылып беріледі. Мысалы: дж. тат ат, ад, тур. ад 1) имя, мет. Слава. Атақ: а) слава, известность.
Синонимдер сөздігінде синонимдік қатарлар бері- ліп, әрбір синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің мағыналық ерекшеліктері мен қолданылу ерекшеліктері түсіндіріледі.Синонимдік қатар- дың құрамындағы сөздердің сөздікте орналасу тәртібі, мысалы, қай сөздің бұрын, қай сөздің кейін орналасуы белгілі бір қағидаға негізделеді.
Синонимдес сөздер тобының ішінен мағынасы жағынан сол топтағы сөз- дердің барлығына бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ жалпы мағынаны білді- ретін сөз д о м и н а н т с ө з деп аталады. Доминант сөз өзімен синоним-
дес сөздердің барлығының басын құрап, солардың барлығына бірдей ортақ ұйытқы, тірелер таяныш ретінде жетекші қызмет атқарады. Мысалы, халық, ел, жұрт, халайық, әлеумет деген деген синонимдік қатардың құрамындағы доминант сөз – халық.
Сөздікте синонимдік қатардың құрамындағы өзара мәндес сөздердің әр- қайсысының мағынасы талданып, қолданылу аясы мен стильдік қызметі түсіндіріледі. Осындай талдау мен түсініктен кейін синонимдік қатардың құрамына енген әрбір сөздің мағынасын ашып, айқындау үшін, әдебиеттен мысалдар беріледі.