Фразеологиялық сөздік те белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсін- діреді.Фразеологиялық сөздік бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік аударма сөздік түрінде де жасалады. Түркі тілдеріндегі әр түрлі фразеологизмдер В.В.Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» атты сөздігінде берілген.
Фразеологиялық оралымдардың сөздікте талдану тәртібі мен тәсілін түсіндірме сөздіктегі сөздік мақалалардан аңғаруға болады. Мысалы, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (І том, 1959) ат сөзінің мағыналары тал- данғаннан кейін осы сөздің ұйытқы болуынан жасалған мынандай фразеологиялық оралымдар берілген: Ат ұстар – жаңа туған ұл бала. Ат құйрығын кесті – бір жола безді, қол үзі. Ат шаптырым жер – бәйгі атының
шауып келетін жерінің қашықтық мөлшері. Ат қойды – лап беріп шаба жөнелді. Ат төбеліндей –азғантай, аумақсыз, саны аз. т .б.
Аударма сөздіктің екі түрі бар: оның бірінде белгілі бір шет тілдегі сөздер мен фразеологизмдер ана тіліне аударылып беріледі де, екіншісінде, керісінше, ана тіліндегі сөздер мен фразеологизмдер шет тілге аударылады. Әр түрлі тілдерде жасалған сөздіктердің ішіндегі ең көп кездесетіні- екі тілді аударма сөздіктер. Аударма сөздіктер шет тілді оқып үйренуде , ол тілдің лексикасын меңгеруде , басқа тілде жазылған әдебиеттерді аударуда айырықша қызмет атқарады.
10. Шет тілдер сөздігі
Шет тілдер сөздерінің сөздігі (Словарь иностранных слов) шығу төркіні басқа тілдік сөздер мен терминдерге қысқаша түсінік беруді мақсат етеді. Шет тілдер сөздерінің сөздігі шығу төркіні басқа тілдік сөздердің бәрін бірдей емес, қоғамдық ғылымдар мен көпшілікке арналған ғылыми-техникалық әдебиетте, көркем әдебиет пен газет-журналдарда қолданылатын шет тілдік сөздер мен терминдерді қамтиды.
Шет тілдер сөздерінің сөздігінде , біріншіден, шет тілдер сөздерінің мағынасы түсіндіріледі, екіншіден, ол сөздердің шығу тегі, қай тілдік сөз екні көрсетіледі.