17.Сөз мағынасының дамуы,ерекшеліктері,оған әсер етуші факторлар,қалай қалыптасады? Мысалдармен дәйектеңіз. Сөз мағынасында әр тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуы,ұлттық сипаты болады.Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де,ішкі себептер де ықпал етеді.Әсіресе,сөз мағынасының өзгеруіне сыртқы себептер көбірек әсер етеді.
Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп,не тарылып отыру заңдылығы туады.
Сөз мағынасының кеңеюі мен сөз мағынасының тарылуы жайында 18 сұрақта жазылған.
Сөздің шығу тегіне байланысты туған бейтарап,бейнелі мағына туралы да жазылған сұрақ-жауаптар бар.
18. Сөз мағынасының кеңеюімен тарылуы,жасалу жолдарын,ерекшеліктерін мысалдармен дәйектеңіз.
Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз.Ол негізінде метафоралық,метанимиялық,сикендохалық тәсілдер арқылы іске асады.
Мысалы:құн сөзі бұрын «кісі өлтіргені үшін айыпкердің не оның руының мал басымен беретін төлемі» мәнінде болса,қазір саяси эканомиканың термині ретінде қолданылады.
Сөз мағынасының тарылуы тарихи, қоғамдық,әлеуметтік,т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді.
Мысалы:қарындас-көне түркі тілінде,ежелгі қазақ тілінде,қазіргі кейбір түркі тілінде «туысқан,бір тектен шыққан адамдар»мәнін білдірсе,қазіргі қазақ тілінде «бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасын» болмаса «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтатын сөзін»білдіріп,мағынасы тарылған.
19. Метафора,оның түрлері мен жасалу жолдары.Мысалдармен дәйектеңіз. Сыртқы не ішкі белгілеріндегі ұқсастыққа қарап,бір зат атауының басқа бір қатқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады.Метафора қолдану сипатына қарай негізінде екі түрге бөлінеді:
1.Тілдік метафора
2.Поэтикалық метафора