Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Қазақтыңбайырғытөлсөздері, толығужолдарыбойыншахронологиялық карта жасаңыз



бет23/60
Дата15.02.2023
өлшемі259,24 Kb.
#68253
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60
Байланысты:
?àç³ðã³ ?àçà? ò³ë³í³? ëåêñèêîëîãèÿñû ìåí äèàëåêòîëîãèÿñû Åìòèõàí

30. Қазақтыңбайырғытөлсөздері, толығужолдарыбойыншахронологиялық карта жасаңыз.

Төл сөздері

Толығу жолдары

Қазақтың байырғы сөз — қазақ халқының өмір тіршілігі мен шаруашылығынатұрмысы мен мәдениетіне, дүниетанымы мен түсінігіне байланысты жалпы халықтық сипатта қалыптасқан, онын өзіне тән сөздері. Онынң негізінде түркі тілдеріне ортақ сөздер жатыр (атаанакүн, түн, бір, екі, түйе, қой, жылқы тағы басқа). Байырғы сөздер сөздік құрамның сан жағынан ең мол, құрылымдық-стилистикалық және грамматикалық сипаты жағынан алуан түрлі қабатына жатады. Байырғы сөз, бір жағынан, бұрынғы ескі, көнелік, екінші жағынан, тілдің өзіне тән, меншікті, етене қасиеттерімен сипатталады. Осындай қазақтың байырғы сөздері негізінен, қазақ тайпаларының қыпшақ қауымынан бөлініп шығып, 15—16 ғасыр мен 19 ғасыр арасында өз алдына халық болып біріккен кезінде пайда болған. Байырғы лексиканың кұрамындағы жалпы түркілік сөздер мен негізгі сөздік қордан тыс мол қабаты тіліміздегі тарихи тума сөздермен байланысты (малшы, түндік, жаппа, тұтқыш, тағы басқа). Байырғы сөзге кейін пайда болған неологизмдер, терминдер, жергілікті сипаты бар диалектизмдер мен кәсіби сөздер жатпайды. Бірақ диалектизмдер мен кәсіби сөздерде белгілі бір аймақ үшін байырғылық сипат болуы мүмкін. Кірме сөздердің де ерте замандарда кіріп әбден халықтық сипат алып, байырғыланып кеткен кейбіреулері байырғы сөз қатарында саналады. Мысалы, араб-парсыдан ауыскан құдай, ақыл, қорек, әрекет, дастарқан, шаруа; орыс тілінен ауыскан кереует, самауыр,рет, бәтеңке.

Қазақ тілінің лексикасы халқымыздың ұзақ сонар тарихының өн бойында үздіксіз дамып, толығумен келген. Алғашқы сөздік қорға әр дәуірде түрлі жолдар арқылы жаңа сездер мен жаңа ұғымдар келіп қосылып отырған. Сөздік құрамның толығуының негізгі екі жолы бар: а) төл (тума) сөздер арқылы, ә) кірме сөздер аркылы жүзеге асады.
1. Қазақ лексикасының тума сөздер арқылы баюы. Туынды сөздср ана тілінің сөз тудыру тәсілдерінің негізінде пайда бол-ған. Әдстте сөз тудыру тәсілі деп әрбір тілдің өзіне лайық қа-лыптаеқан сөз жасау амалдарын айтамыз. Қазақ тілінің де өзіндік сөз жасау заңдары мен ережелері бар. Сөздік құрамдағы сөз-дсрдің басым көпшіілігі сөз тудырудағы заңдар мен ережелер арқылы келіп шыққан. Қазақ тілінде сөз тудыратын негізінен екі түрлі тәсіл бар: а) Морфологиялық немесе аффистік тәсіл, синтаксистік тәсіл.
2. Қазақ лексикасының кірме сөздер арқылы баюы. Әрбір тілдің сөздік құрамының толыгып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдсрден де ауысып алу арқылы да өз тілін байытып, жетілдіріп отырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет