Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінен тест тапсырмалары «Филология: қазақ тілі»


Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы не жасалады?



бет6/13
Дата18.11.2023
өлшемі431,5 Kb.
#124358
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы не жасалады?

  1. Туынды түбір

  2. Жалаң сөз

  3. Негізгі түбір

  4. Туынды сөз тіркесі

  5. Күрделі сөз

Өз алдына дербес қолданылмайтын, мағынасы жойылған, тек қана көне сөздерде сақталып қалған түбірлер қалай аталады?

  1. Өлі түбір

  2. Тірі түбір

  3. Көне түбір

  4. Күрделі түбір

  5. Негізгі түбір

Жалпы есімдерге берілген анықтаманың дұрысы -

  1. бірыңғай заттар берілген атау

  2. зат есімдерге берілген атау

  3. жеке затқа берілген атау

  4. жалқы заттарға берілген атау

  5. есімдіктің түрі

Сыңарларының не біреуі, не екеуі де мағыналарынан айырылып, әрі дыбыстық өзгерістерге ұшырап, бір тұлға ретінде қалыптасқан сөздердің түрі қалай аталады?

  1. Тіркес сөз

  2. Біріккен сөз

  3. Қос сөз

  4. Кіріккен сөз

  5. Қысқарған сөз

Сыңарларының мағыналары жағынан да, тұлғалық жағынан да еш өзгеріске түспей, бір ұғымның атауы болып келген күрделі сөз қалай аталады?

  1. Біріккен сөз

  2. Кіріккен сөз

  3. Қос сөз

  4. Тіркес сөз

  5. Қысқарған сөз

Біріккен сөздер қайсы?

  1. Асқазан, ұлтабар

  2. Көзбе-көз, сөйлей-сөйлей

  3. Жаман-жәутік, кедей-кепшік

  4. Қара ала, ұзын бойлы

  5. Көгорай, қолғанат

Морфология тіл білімнің қай саласына жатады?

  1. грамматика

  2. лексикология

  3. дербес сала

  4. Синтаксис

  5. Морфонология

Синтаксистік тәсіл дегеніміз не?

  1. сөздердің бірігуі, тіркесу,і қосарлануы арқылы жасалуы

  2. сөздердің жаңа мағынаға ауысуына ие болуы

  3. сөздердің қосымшалар арқылы жасалынуы

  4. жұрнақтар арқылы

  5. қосымшалар арқылы жасалуы

Аналитикалық жолмен жасалған сөздерді табыңыз.

  1. желаяқ, сәлемхат

  2. куәгер

  3. жүйрік, айдар, айлық

  4. оқушы, басшы

  5. баспа

Синтетикалық (морфологиялық) тәсіл дегеніміз не?

  1. сөздердің қосымшалар арқылы жасалуы

  2. сөздердің жаңа мағынаға ауысуы

  3. сөздердің бірігуі

  4. сөздердің орын тәртібі арқылы жасалуы

  5. сөздердің тіркесуі арқылы

Туынды сөзді морфология қай жағынан қарастырады?

  1. құрамы, тұлғасы

  2. нәтижесі

  3. тәсілі

  4. мағынасы

  5. дыбыстық құрамы

Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөзді табыңыз.

  1. қаламгер, оқырман

  2. АҚШ, бірқазан, егеуқұйрық

  3. өкілетті, елші, дөңгелек стол

  4. бүгін, әкел, апар

  5. баспана, желаяқ

Лексика-семантикалық тәсіл қайсы?

  1. сөз мағынасының жаңаруы

  2. жұрнақ арқылы

  3. қосарлану арқылы

  4. басқа тілден сөз ену

  5. бірігу арқылы

Аралас тәсіл қайсы?

  1. аналитика-синтетикалық

  2. синтетикалық

  3. аналитикалық

  4. синтаксистік

  5. семантикалық

Сөз түрлендіруші жұрнақтардың жіктелімі -

  1. модификациялық, грамматикалық

  2. сөзжасам

  3. сөзбайлам

  4. грамматикалық мағына

  5. тәуелдік жалғау, предикаттық қосымша

Қосарлану қандай тәсілге жатады?

  1. аналитикалық

  2. сөзжасам

  3. синтетикалық

  4. грамматикалық

  5. семантикалық

Қосымшаларды жалғау-жұрнақ деп жіктеудегі ең негізгі фактор -

  1. қызметі

  2. мағынасы

  3. құрамы

  4. шығу тегі

  5. дыбысталуы

Таза грамматикалық қосымшалар

  1. жалғаулар

  2. жұрнақтар

  3. сөзтіркесім

  4. жұрнақша

  5. қайталану

Кіріккен сөз дегеніміз не?

  1. екі сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырап бірігуі арқылы жасалған сөздер

  2. екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған сөздер

  3. екі сөздің бірігуі арқылы жасалған сөздер

  4. сөздердің тіркесуі арқылы

  5. түбір мен қосымшаға ажыратылатын сөз

Төмендегі жұрнақтардың қайсысы өнімді?

  1. –шы, -ші, -ма,-ме

  2. –мақ,-мек,-пақ,-пек

  3. –дақ,-дек,--т,-қал

  4. –ын,-ін

  5. –шық, -шік, -й

Сөз тудырушы морфеманы табыңыз.

  1. келін, бөлім

  2. келші, жүрген

  3. келіпті, жүрген

  4. келді, жүрді

  5. отырғыз, кетпек

Бөлшектенбейтін, лексика-грамматикалық мағынаға ие морфологиялық бірлік?

  1. Түбір сөз

  2. Туынды сөз

  3. Дара сөз

  4. Жалаң сөз

  5. Күрделі сөз

Түркітануда септіктердің топтастырылуы-

  1. Грамматикалық және көлемдік

  2. Грамматикалық

  3. Субстанттық және грамматикалық

  4. Субстанттық және көлемдік

  5. Көлемдік

Қай септік меншіктілік грамматикалық мағынаны білдіреді?

  1. Ілік

  2. Атау

  3. Табыс

  4. Жатыс

  5. Көмектес

Нөлдік тұлғаға ие жалғауларды көрсетіңіз.

  1. Атау септік, бұйрық райдың жіктелуінің 2-жағы, жекеше, анайы түрі

  2. Атау, табыс, жатыс

  3. Жіктік жалғаудың 3-жағы, барыс, көмектес

  4. Тәуелдік, көптік, барыс

  5. Жіктік, ілік, көптік

Грамматикалық және көлемдік септіктерге бөлу белгісін анықтаңыз.

  1. Грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай

  2. Лексикалық мағынасына қарай

  3. Лексикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай

  4. Грамматикалық мағынасы мен тіркесу қабілетіне қарай

  5. E) Тіркесу қабілеті мен орын тәртібіне қарай

Жұрнақ қызметіне қарай қалай бөлінеді?

  1. Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші

  2. Төл, кірме

  3. Өнімді, өнімсіз

  4. Жалаң, құранды

  5. Омоним қосымша

Сөз тудыру қабілетінің бар не жоқтығына қарай жұрнақ қалай бөлінеді?

  1. Өлі, тірі

  2. Өнімді, өнімсіз

  3. Төл, кірме

  4. Жалаң, құранды

  5. Полисемиялы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет