С.Әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті құрылымын төмендегідей анықтайды: – оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау;
- оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау
– мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау;
– оқыту технологиясын талдап жасау.
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі - шеберлік. Бір технологияны әрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.
Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін және оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама алынады.
Осыған орай оқу - оқытудың басты әдістері ретінде
көрнекілік және онымен бірге жүретін түсіндіру,
оқушының жетекші іс-әрекеттері түрлеріне - тыңдау мен есте қалдыру,
басты талап және тиімділіктің негізгі көрсеткішіне - игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады.
Бұл жердегі мұғалім қызметтері -түсіндіру, әрекеттерді көрсету, оқушылар орындагандарды бағалау және реттеу, түзету.
Педагогикалық технологияларды таңдауға әсер ететін факторлар Білім алушылардың жас ерекшеліктері
Оқушылардың танымдық және қызығушылық деңгейлері
Білім алушы мүмкіндіктері және қабілеттері
Сын тұрғысынан ойлау Кейс технологиясы дамыта оқыту технологиясы Модульдік оқыту технологиясы Оқытудың компьютерлік технологиясы Жоғары сыныптарда тиімді технологиялар
Өздігінен даму технологиясы *”Түсіндіре басқарып оза оқу технологиясы”, *Проблемалап оқыту *Модульдік оқыту технологиясы