Сабақтың мақсаты: а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;
б) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу;
в) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру.
Мен өз сабақтарымда, көбінесе ана тілі пәнінде стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүй елі түрде қолданып келдім. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.
Сабақтың жоспары: Психологиялық дайындық.
Ой ашар.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы. Топпен жұмыс.
Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы. Венн диаграммасы.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:
бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
бір-біріне құрметпен қарауға;
өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;