Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айтсақ, тірек- сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т б
Мен, Бердіқанова Салтанат Сәбитқызы 2012 жылы «Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжін» бітіріп, «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығын алып шықтым.
Ең алғаш еңбек жолымды «Ақтау қалалық № 6 орта мектебінде» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып, кейіннен «Бейнеу аудандық білім беруді үйлестіру орталығында» қазақ тілі маманы болып қызмет атқардым. бастадым.
Қазіргі таңда «№ 12 жалпы білім беретін мектепте» осы мектептің ашылуымен қатар 2015 жылдың қараша айынан бері қызмет етіп келемін.
Ұстаздық тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым:
өз ойын нақты жеткізіп, шешен де ойлы сөйлей білетін рухани бай, дүниетанымы жан-жақты дамыған, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу;
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдісін қалыптастыра білу.Ойын еркін жеткізуде оқушының тіл шеберлігіне мән беру. Қосымша әдебиеттер оқып, өз білімімді күнделікті толықтыру. «Сенің қолыңнан келеді», «сенен үміт күтеміз» деген сөздермен оқушыларды үнемі шабыттандырып отыру;
Үй тапсырмасын беруде оқушы бейімділігін, қабілетін ескеру.Әдебиеттің теориялық мәселелерін қатаң ереже ретінде ұсынбай, жазушылық шеберлік мәселесімен ұштастыра, көркем шығарманың психологиясымен байланыстыра жүйелеп көрсету. Оқушының шығармашылық қабілетін жетілдіруде, дамытуда озық технологияларды пайдаланып, әдіс-тәсілдерді үнемі түрлендіріп отыру.
Оқушылардың қазақ тіліне, әдебиетке, сөз өнеріне деген қызығушылығын оятуға әрбір сабағымда жұмыстанып келемін. Күнделікті сабағымды жан-жақты, түрлі әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып және оқытудың қазіргі технологияларын енгізе отырып өткіземін.
Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айтсақ, тірек- сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейтініне сенімім мол.Кез келген сабағымды тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру , әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдану дәстүрге айналды. Қызығушылықты ояту арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне себеп болады.
Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, деңгейлеп оқыту технологиясына ерекше көңіл бөлемін. Өйткені, бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған.Оқшыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда INSERT, екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп.Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымда қолданыс табады. Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде, еске сақтауда сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушыларға көп көмегін тигізеді.Тақырыпты толық ашып түсінуде көмектесетін оқыту стратегиясы «INSERT» стратегиясы. Оқушылардың ерекше қызыға орындайтын тапсырмалардың бірі «Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру».
Оқушылардың шығармашылығын дамыту педагогикада басымды бағыт болып есептеледі. Өркениеттің дамуының негізгі күші шығармашыл, білімді тұлға екенін ескеріп сондай оқушыны дайындау меніңде алға қойған мақсаттарымның бірі. Өйткені біздің заманымыз электрондық деп аталуының өзі дамудың көрінісі. Сондықтан оқушылардың білім алу кезіндегі шығармашыл белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру мектеп өміріндегі білімдерін есте сақтау және қолдану басты мәселе болып қала береді. Осы орайда мектепішілік панорамалық сабақта сабақ өткізіп, әріптестеріммен тәжірибе алмастым.
Әрбір сабақта ойын түрінде бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың ой-өрісі мен танымының дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі дамиды. Еркін қиялдай отырып шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.Өзімнің тәжірибемде 5-сыныптарда тірек сөздерді пайдалана отырып, өлең құрастыру, “Синквейн”,“Бір айналым сөйлеу” сияқты әдістерді және “Не артық?”, ойындарын жиі пайдаланамын.Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді.
Тыңдап-түсіну, көріп-байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі – аудио – видео құралдар т.б. Аудиоматериалдар мен бейнебаяндар сабақта мынадай мақсатта қолданылады:
- біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді;
- екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді;
- үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді.
Қойған мақсатыма жету үшін әріптестерімнің сабақтарына қатысып, озық тәжірибе алмасып отырамын.Өз ойын нақты, көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей алатын рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру бағытындағы әдістемелік жұмысымды әрі қарай жетілдіремін. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Ендеше, менің, Салтанат Сәбитқызының да алға қойған басты мақсатым елдің ертеңі болатын жас ұрпақты салауатты, саналы, тәлім мен тәрбиесі үйлескен буынды тәрбиелеуге өзіндік үлесіммен қоса атсалысу.