Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз



бет36/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
Сұржекей, Ждақай, Бұқарбай

Романның тағы бір олжасы – Сұржекей, Ждақай, Бұқарбай образдары. Сұржекей – барып тұрған сталинист. Ауданның қанша адамының қаны мойнына кеткенін санап түгесу қиын. Талай байлардың шаңырағын ортасына түсірген ежовшыл Сұржекей, «халық жауларын» топырлатып ұстайды. Енді мынаған қараңыз. Жауыздан да өткен жауыз бола ма? Болады екен. Сол Сұржекей (Жекей Қалиевич) ауыл белсендісі Жадақайдың қасында адам көрінеді! Ждақай Жорға Күреңнің баласы. Кедей баласы болса, да билік тиіп «Қызыл əскердің» жандайшапы болған, «Шаш ал десе, бас алатындардың» бірі. Ауыл шетіне «Қызыл əскер» келгеннен бастап, алдыңғы қатардағы белсенділердің қатарында болады.
Жағымсыз кейіпкердің бірі –Бұқарбай. Өкіл болып сайланғалы ел арасына білгенін істеп жүрген ессіздің нақ өзі. Түсіне ызғарын жиған, кілбиіп əукесі салбырап сүзіле қарайды оның шүңкиген көздері.

Апанас

Романдағы ерекше бейне –Апанас бейнесі. Апанас ұлты орыс өкімет адамы болса да, бойында адамгершілігі бар, жүзі жылы, жүрегі жұмсақ адам. Оның бейнесі мына үзіндіде жақсы берілген: «Шеге осы сапарда, əсіресе, кешелі-бүгін Апанасқа таң қалды. Жол-жөнекей таң намазы, бесін намазы кездерінде түйесін шөгере сап жайнамазын құм үстіне төсеп құбылаға бет бұрған Лабақ ахунды байқап қалса болды, Апанас шапшаң бұйрық етіп көшті іркеді. Сөйтіп, Лабақ ахунның жəне оны төңіректеп сəждеге бас қойған жұртшылықтың намазы аяқталғанша бүкіл елді иіріп күттіріп қояды. Тəртіп сақтатады. Содан Лабақ ахун бастаған ауылдың үлкен-кішілерінің Апанасқа деген көзқарасы күрт өзгерді. «Орыс та болса, бір иманды жан екен!» деп, қариялар отряд командиріне ілтипатпен қарады. Ждақай бастаған кейбір жастар ғана «Мынасы несі командиріміздің, молдаға табынып...» - деп күңкілдеді. Сұржекей сияқтылар Апанасқа: «Бұныңыз қалай, Афанасий Васильевич? Бандиттерді бүйтіп неге құрметтейсіз?» - деп наразылық та білдірді. Апанастың жауабы біреу: «Халықты құрметтеу керек, дəстүрді сыйлау керек», - дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет