Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Ф.Оңғарсынова лирикасындағы ұлттық идея



бет53/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

70.Ф.Оңғарсынова лирикасындағы ұлттық идея
Фариза лирикасының басты ерекшелігі - нәзік сезімге, ойлы толғанысқа құрылуымен ерекшеленеді. Таңдаған тақырыбының түп - төркінін терең зерттеп, баянды барлап барып, сезім сырын шерту – ақын шеберлігінің бір қыры. Ақын кейіпкері (лирикалық бейне) кімнің атынан сөз алса да оқырман есінде ұзақ сақталатын ерекше мінез даралығымен өзгешеленеді. Айталық, махаббат лирикасындағы бізге жете таныс бойжеткен мен бозбаланың бітім - кейпі сүйіспеншілік сезімнің биігіне көтеріле келе, лирикалық қаһарманға айналады. Мәселен, сарғая сарылу,қынжыла күйіну, таусыла қайғыру, өліп - өшіп сүю немесе шарт сынар кесек мінез, тауы шағылардай өкпе - наз, еш күтпеген ерке қылық, балаша қуану, романтикалық арман - қиял тағысын тағы жан-дүниеге қатысты өлшем-бірліктер (психологиялық характер) махаббат лирикасының нағыз болмысы саналады.
Фариза лирикасындағы әйел тақырыбының бай мазмұнында қазақ топырағында дүниеге келіп, аты есте қалған тарихи тұлғалардың өмір - өнерінен мол дерек ұшырасып отырады. Мысалы, есімі мәшһүр өнер тарландары мен тарихи тұлғалар: Сара, Дина, Майра, Ақбөбек, Айша бибі, Баба әже, Ақкенже, Айбала, Әлия, Мәншүк, Мариям, Роза Бағланова, Бибігүл, Ғазша, Кәмшат т.б. әйелдер мен қыздардың бейнелері ақынның жыр -поэмаларында көркем образға айналды. Сол сықылды өзге құрлық әйелдерінің (негр, грек, сыған, ауған, түрік, парсы, үнді т.т.) тағдыр талайы ақынның жазу шеберлігін аңдатып, алуан түрлі амал - тәсілдер арқылы оқырманына жетіп отырады.
Қазіргі қазақ лирикасында әйел-ана, қыз-келіншектер бейнесін психологиялық пайым-танымда тереңнен толғап, жүректен қозғап өткен ақынның бірі – Фариза Оңғарсынова. Оның лирикасындағы қазақ әйелінің қадір-қасиеті, болмыс бітімі ерекше назар аударуды, терең үңіле зерттеуді аса қажет ететін құйылымы бөлек жыр-маржаны саналып та жүр. Ақын өлеңдеріне арқау болған аталмыш тақырып аясында Фаризаға тең әріптесті табу - сірә да қиын.
71.И.Оразбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» драматургиясының композициялық құрылымы
«Мен ішпеген у бар ма?» -ақын И.Оразбаевтың Абай өмірінен жазылған 2 бөлімді драмасы.
Алғаш рет режиссер А. Әшімов 1987 ж. 14 қарашада Қазақ драма театрында сахнаға шығарды. Драмаға күрескер - ақын өмірінің соңғы кезеңі арқау болған. Режиссер тұрмыс-салттық және шарттылық тәсілдерді тоғыстырып ақынның қоғамдық өмірдегі белсенділігін көрсетуге көңіл берген. Абай бейнесі нарт. Т. Аралбаев мүсіндеді. Қойылымда Құнанбай (О. Кеңесбаев), Оразбай (Г. Сүлейменов), Әйгерім (Ж. Мейрамова) бейнелері сәтті көрініс тапты. Суретші Е.Тұяқов Абай заманының әлеуметтік шындығын бүгінгі көрермен көзқарасы тұрғысынан тап басып, мазмұнды безендірді. Драма 1987 ж. Москва қаласында көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет