Қазіргі әлемдегі Қазақстан Курстық жұмыс Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты



бет1/10
Дата15.02.2023
өлшемі343,97 Kb.
#68267
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қуатбай Гульвира 12B





Шымкент қаласы
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі


Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс


Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты:
Қоғамды Зерделеу


Тақырып: ‘‘Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балалардың құқығын қорғау деңгейі қандай?’’

(3096 сөз)


Орындаған: Қуатбай Гульвира Бахтиярқызы
Жетекші: Ермурзаев Сәбит
Ішкі модератор:


Шымкент, 2022
МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ……………………………………………………………………………....................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ…………………………………………………………………......................4
1.ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МЕН ОНЫҢ АХУАЛЫ………………………………………………....................4 1.1 Балалар құқығын қорғау деңгейі Әлем және Қазақстандағы өзектілігі…………………………………….......................................................................……..4 1.2 Бала құқық бұзушылығының формалары......................................................................................................................................4 2.БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТАПТАЛМАУЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ, ШЕШУ ЖОЛДАРЫ МЕН ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ.................................................................................................5
2.1 Құқық бұзушылықтың тиімді шешілуі және мемлекет тарапынан жасалып жатқан қадамдар..........................................................................................................................................5
2.2 Құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары мен шешу жолдары.....................................7 3.ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ЕЛДЕРДЕГІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕҢГЕЙІ МЕН ОНЫҢ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫН ЗЕРТТЕУ.............................................................................................................8 3.1 Зерттеу сұрақтары....................................................................................................................9 3.2 Зерттеу әдістері........................................................................................................................9 3.3Зерттеуқорытындысы……………………………………………………………….............10 3.4Бағалау.....................................................................................................................................11 ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................................12ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................................13


КІРІСПЕ

Әрбір отбасыда баланың рөлі ерекше. Оларға көңіл бөлу, түсіну және сүйіспеншіліктің көрсетілуі ауадай қажет. Егер баланы қамқорлық пен жақсы қарым-қатынастан айыратын болса, онда ол ерте жастан ашушаңдық пен қатыгездікті үйренеді. Оның әрекеттері басқалардың оған деген дұшпандықпен қарауына әкеледі. Мысалы, мұғалімдерге агрессия, достармен қарым -қатынаста өзімшілдік, ата -аналармен сөйлесуде дөрекілік - мұның бәрі кішкентай балаға немқұрайлылықпен қарауының нәтижесі.


Дөрекіліктің құрбаны болудың өзіндік жағымсыз салдары бар. Басқалардың көзқарасы мазасыздық, депрессия нәтижесінде өзін-өзі бағалау, құрмет жоғалуы мүмкін. Бэйлор университетінде жүргізілген зерттеу бойынша адамдар ата-аналарына дөрекі қараған кезде стресс деңгейі жоғарылайтыны анықталды. Сонымен қатар, Поул Тоудың айтуы бойынша ("Балалар қалай жетістікке жетеді?", 2012), отбасыдағы стресс баланың танымдық, икемділік және өзін-өзі қабылдау сияқты дағдыларды дамыту және оны қолдау қабілетіне кедергі келтіреді[1].
Зерттеудің мақсаты - еліміздегі мектеп жасына дейінгі балалардың қорғау деңгейін анықтай отырып, көтерілген мәселенің шешу жолдарымен таныстыру. Соған байланысты, бұл мәселені шешуге біршама жолдары ұсынылған, алайда оны ескеріп, кұндылығын түсініп жатқандар шамалы. Мысалы, балаларды түсінуге тырысу арқылы олармен қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, екі тұлға арасында сенімділікті оятуға болады. Сондай-ақ, балалардың денсаулығына салғырттықпен қарамау керек, енді өсіп келе жатқан тірі жан болған соң, ата-анадан, содан соң бауырларынан үлкен қолдау күтеді.
Қазіргі таңда ЮНИСЕФ Еуропа және Орталық Азия елдерінде Балаларды қорғаудың ұлттық жүйелерін, әсіресе баланың отбасынан ажырауына жол бермеу, сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықтан, қатыгездіктен қорғау саласында нығайтуда[2].
Мәселенің Қазақстан аумағында өзектілігін анықтау үшін біршама зерттеу әдістері ұсынылды: Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 12-cынып оқушыларынан алынған интервью және бала құқығын қорғауға жауапты маманның бірінен алынған сұхбат. Бұл зерттеу жұмысы Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қорғау деңгейі мен мәселенің алдын-алу шаралары мен шешу жолдары туралы ақпарат беретін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет