Қазіргі әлемдегі Қазақстан Курстық жұмыс Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты



бет9/10
Дата15.02.2023
өлшемі343,97 Kb.
#68267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қуатбай Гульвира 12B

2-кесте. GAP-талдау нәтижесі.

Ағымдағы жағдай

Мектеп жасына дейінгі балалардың құқығы тапталып жатқаны туралы ешкім былай біле бермейді, халық арасында тек Жетімдер туралы ғана ақпарат кеңірек таралған. Сонымен қатар, мәселеге қатысты ақпараттың жеткіліксіз болуына байланысты және көбінесе құқық бұзушылық орын алған кезде зардап шегуші жақ үндемей қалуды шешуіне байланысты мәселенің шешілуіне кедергі жасауда.

Күтілетін нәтиже

Қазақстан Республикасының азаматтары болып жатқан мәселені жалпылама біледі, білген күннің өзінде оның маңызын түсіне бермейді. Соған байланысты Аружан Саин бастаған еріктілер саны артып, жанашырлардың қолдауына енетін балалар саны артады, мәселенің өзектілігі кемиді.

Болжам

Егер балалардың құқық бұзушылығы туралы халыққа жиі айтылса, оның маңызын мен өзектілігі туралы ақпарат жиі насихатталса, мәселені шешілуіне көмектесетін адамдар саны артады.

Жоспар

Зерттеу жұмыстарын жиі жасау, Жоғары Билік тарапынан қадамдарды күтіп отыра бермеу, еріктілердің санын арттыру, көмектесу барысында қиындықтар тууынан аулақ болу – мәселенің шешілу жолына үлкен септігін тигізеді.


ҚОРЫТЫНДЫ

Өткен ғасырлармен қазіргі Қазақстанды салыстыратын болсақ, саяси жағынан болсын, мәдени жағынан болсын, тарихи жағынан болсын, тіпті отбасы тәрбиесінде де біршама өзгерістердің барын байқаймыз. Әрине, алдыға қарай даму ол заманның талабы, алайда даму керек деп өзіміздің шыққан тегімізді, ата дәстүрімізді ұмыту – үлкен қателік деп есептелінеді. Осыған байланысты екі уақытты бірдей ұстап тұру жастардың қолында екені бәріне мәлім.


Белгілі латын диктумасында: «Өз құқығын пайдаланған адам ешкімнің құқығын бұзбайды» делінген. Мемлекет ата-ананың құқығын, ал ата-ана баланың құқығын бұзбауы керек. Балалар ерте жастан бастап олардың құқықтары мен міндеттері әрқашан байланыста болатыны туралы ойлауы керек және бұл құқықтар мен міндеттерді білу әртүрлі өмірлік жағдайларда өте маңызды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың құқығын қорғау әрбір азаматтың міндеті, себебі бала – қазақтардың болашағы, тарих пен дәстүрдің жағдайы сол балаларымыздың қолында екенін ұмытпаған жөн. Әдетте, отбасыда ата-аналар балаларына деген сүйіспеншілікті, оларға қамқорлық жасауды, физикалық және психикалық дамуы үшін қажетті жағдайларды жасауды міндет деп санамайды, олар үшін балаларды күту «табиғи құқық» болып табылады. Өкінішке орай, біздің қоғамда бұл әрдайым бола бермейді. Ата-анасы өз балаларына қатыгездікпен қарайтын, балалары «...жеткілікті тамақ, баспана, ойын-сауық құқығынан» айырылған немесе шектелген отбасылар бар. Мұндай отбасыларда балаға қамқорлық жасау ата-ананың құқығы ретінде ғана жүзеге асырылмайды, сонымен қатар оларға жүктелген міндет ретінде де орындалмайды.
Бұндай ситуацияда мемлекет балаға қамқорлық жасап, оның құқықтарын қорғауды, атап айтқанда, ювеналды технологияларды енгізу және қолдану арқылы жүзеге асырады. Соңғысына кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар жүйесі іске асыратын құқықтық тетіктердің (медициналық-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық және оңалту рәсімдері мен бағдарламалары) жиынтығы жатады.
Бұл зерттеу жұмысында зерттелген тақырып мәселенің шешімін таппайынша өз өзектілігін жоғалтпайды, сонымен қатар неқұрайлықпен қарауға байланысты оны тек ушықтырып алатынымыз да бар, сол себепті бұл жұмыстың маңыздылығы мен болашақта тигізер пайдасы көп.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет