1.1 Мәселенің Әлем және Қазақстандағы өзектілігі Бала десе жанын беретін, ішкен асын жерге қоятын қазақ халқы бүгінгі күні оған деген көзқарасын өзгерткендей сезіледі. Балалармен қарым-қатынастағы қатыгездік тек қорқыныш пен жеккөрушілікті тудыруы мүмкін және олар өз кезегінде зорлық-зомбылықтың жаңа бөлігі болып табылады. Бала деген махаббат, құрмет, түсіністік орнаған отбасында ғана туып, өмір сүре алады. Бұқаралық ақпараттағы мәліметке сүйенетін болсақ, Дүние жүзінде шамамен 385миллион бала кедейлік шегінен төмен өмір сүреді, Африкадағы балалар ең ауыр жағдайды бастан кешуде. Қазақстандағы жағдайға келетін болсақ, 2011жылы мектеп жасына дейінгі балалардың саны 200-225мыңның арасын құраса, 2020жылы көрсеткіш шамамен екі есеге яғни 395-415мыңға артты. Осы балалардың ішінен 65% орташа деңгейде, 10% жоғары деңгейде, 25% жағдайы нашар отбасында өмір сүреді болып саналады[3].
Басқа елдермен салыстыратын болсақ, біздің мемлекеттегі жағдай ушығу деңгейі төмен, мәселен АҚШ көрсеткіші бойынша 2019жылы мемлекеттік органдар балаларды қатыгездік пен қараусыз қалдыру нәтижесінде 1840-қа жуық бала өлімін анықтады – бұл күніне орта есеппен бес бала. Алайда, зерттеулер кейбір мемлекеттік органдар балалардың өліміне әкелетін зорлық-зомбылықты 50% және одан да көп есепке алмайтынын көрсетеді. Салыстырып қарайтын болсақ, бұл біздің бастауыш сыныптағы балаларымыздың шамамен 25% құрайды[4].
Мектеп жасына дейінгі балалардың құқығын қорғау, оларға қауіпсіз өмірді қамтамасыз ету және орта білім беру әрбір ата-ананың ғана емес, әрбір мемлекеттің өз халқының бір бөлігі ретінде жасауы керек міндет. Алайда, көптеген себептерге байланысты бұндай жағдайлардың талапқа сай орындалмауымен қатар, оларға жаман оймен жағымсыз мақсаттарда қолдану көптеп кездеседі.