Тапсырма: Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Табиғаты таза болашақты қалай жасауға болады?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.
Табиғат пен адам егіз ұғым екені белгілі. Себебі, адамның өзі – табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан да біздің бүкіл ғұмырымыз табиғатқа тәуелді.
Адамзаттың өмірі, болашағы жарқын болуы үшін табиғат таза болуы керек деп ойлаймын. Өйткені біз қажеттіліктеріміздің барлығын табиғаттан аламыз. Табиғаты таза болашақ болмай, біздің болашақ та жарқын болмайды. Ендеше сол табиғаты таза болашақты қалай жасаймыз?
Ең алдымен, экология мәселесі – жалпыадамзаттың алдында тұрған негізгі проблема. Ақпарат көздеріне үңілсек, табиғаттың ластануы адамның қолынан жасалып отыр.Дәлірек айтсақ, алып сулардың мұнаймен ластануы ондағы тіршілік иелері балықтардың жойылуына әкеліп соқты.Соның салдарынан құнды деп саналатын уылдырықтан түсетін пайда кеми бастады. Бұл елдің экономикасының құлдырауына себеп болады. Осындай экологиялық апаттардың алдын алып, табиғатты сақтау үшін елімізде экологиялық одақ құрылды. Оның мақсаты – табиғатты қалпына келтіру және заң талаптарын орындауға негіз болу. Бұл аз да болса, табиғатты көркейтуге, аялауға тигізіп жатқан көмегіміз деп білемін. Сол үшін заңды қатайтып, түрлі экологиялық жобалар ұсынып, жүзеге асыруымыз керек.
Сонымен қатар, табиғаты таза болашақты жасау үшін түрлі-түсті металл кәсіпорындарынан шығатын қалдықтарды өңдейтін өндірістер ашуымыз керек. Себебі, зауыттан шыққан қалдықтар ұзақ жатып қалса, зияны табиғатқа ғана емес, адам денсаулығына да тиеді. Осындай зауыттарға жаңа технологиямен қамтамасыз етілген арнайы фильтрлер орнату керекпіз. Бұл ауаны ластанудан сақтайды деп ойлаймын. Табиғатты ластанудан қорғаудың тағы бір тиімді жолы – әрбір адамның саналы түрде табиғатты қорғауы. Ол үшін арнайы қауіпсізік ережелерін сақтап, табиғат аясын қоқыстан тазартып, оның әр тасы мен ағашын, гүлін, жан-жануарлар мен құстар әлемін көз қарашығындай қорғауымыз керек деп білемін. Адамдардың экологиялық сауаттылық білімін арттыру керек деген ойдамын. Халқымыз айтқандай: «Бір тал кессең, он тал ек» деген даналық ойды қаперімізде ұстауға тиіспіз.
Ойымды қорытындалай келе, табиғаты таза болашақ толыққанды, ұзақ, бақытты өмір сүруіміздің кепілі дегім келеді. Ендеше, табиғатты аялайық, достарым!
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Табиғаты таза болашақты қалай жасауға болады?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.