Қазіргі жастар тіліндегі сленг сөздерді тақырыпқа жіктеу және көркем әдебиеттегі (Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романынан) сленгтердің қолданысы



бет2/8
Дата14.03.2023
өлшемі60,99 Kb.
#74132
1   2   3   4   5   6   7   8
Ғылыми жобаның мақсаты: Қазіргі жастар тіліндегі сленг сөздерді тақырыпқа жіктеу және көркем әдебиеттегі (Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романынан) сленгтердің қолданысы.
Мақсатымыздан туындайтын міндеттер:

  • Сленг сөздерінің мағынасын түсіндіру;

  • Сленг сөздерінің ауызекі сөйлеу стилінде қолдану;

  • Сленг тілін қаншалықты пайдаланатынына көз жеткізу, кестемен көрсету;

  • Сленг сөздерінің тақырыпқа байланысты жіктелуін кестемен көрсету;

  • Сленг сөздерді көркем әдебиетте қолданылғанын дәлелдеу.

  • Өзіндік қорытынды жасау.

Өзектілігі: Қазіргі жастар тіліндегі сленг сөздерді тақырыпқа жіктеу мен көркем әдебиеттегі (Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романынан) сленгтердің қолданысы. Көркем әдебиет және ауызекі сөйлеу стилінде дұрыс қолдану.
Зерттеу жұмысының барысында келесі әдіс – тәсілдерді пайдаландым: зерттеу, салыстыру, дәлелдеу, мысал келтіру, сауалнама жүргізу, талдау, тұжырымдау.


І. Ауызекі сөйлеу стилі

Ауызекі сөйлеу стилі өте функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, дәріс, пікірталас т.б. Мұнда тіл мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері – варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, диалектлер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілдің заңдылығын бұзу болып есептелмейді.


Ауызекі тілдің тағы бір ерекшелігі – әнгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа – райы туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде байқалады. Ауызекі тілде тілдік (лингвистикалық) факторлармен қоса, тілден тысқары факторлардың (экстралингвистикалық) да жарыса пайдалануы осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табылады (сөз болып отырған оқиға тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің, қолының қозғалыстары, дауысты көтере немесе сыбырлай сөйлеуі т.б.).
Ауызекі сөйлеу стилі негізгі тілдің қызметімен қарым –қатынас функциясын атқарады, тікелей хабар берудің айрықша формасын құрайды. Ауызекі сөйлеу тілінің тілдік белгілері оның қызметінің ерекше шартын анықтайды. Олардың бастылары мыналар:

Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады. Ауызекі сөйлеу стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола).
Ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бұл түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер катысады. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ой көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады. Ауызекі тілді жалпыхалықтық тілдің бір түрі ретінде сөйлеу тілінен ажырата білудің елеулі мәні бар. Сөйлеудің ауызша түрі функционалдық стильдердің барлығында кездеседі. [2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет