Қазіргі жастар тіліндегі сленг сөздерді тақырыпқа жіктеу және көркем әдебиеттегі (Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романынан) сленгтердің қолданысы



бет3/8
Дата14.03.2023
өлшемі60,99 Kb.
#74132
1   2   3   4   5   6   7   8
1.1. «Сленг» сөзінің шығу тарихы

«Америка сленг сөздігінің» авторларының бірі Стюард Б. Флекснер мынандай мәліметтер келтіреді. Оның айтуынша, әрбір американдықтың сөздік қорында шамамен 10000-20000 сөз бар. Оның 2000 сөзі сленг қатарына жатады. Яғни сленг жалпы лексика қорының 10-20 пайызын құрайды. Бірақ Стюарт Б. Флекснердің пайымдауынша, бұл лексика қоры әрбір американдыққа толығымен белгілі болса да, күнделікті сөйлеу тәжірибесінде толығымен қолданылмайды. Ғалымдардың есептеуінше АҚШ-та ағылшын тілінің сөздік қорында 10000 сленг сөзі бар, ал оның басқа бір түрлеріне 35000 сөз жатады: олар – кәсіби сленг, жаргонизмдер, арго, қанатты сөздер.


Сленг табиғаты оның үнемі жаңарып отыруын талап етеді. Көптеген сленг сөздері салыстырмалы түрде ұзақ өмір сүрмейді және егер олар тілде тұрақталса, яғни сленг қатарынан жалпы ауызекі тіл лексикасына өтіп кетсе, қолданыстан түсіп қалады. Сленг бойынша әйгілі ағылшын маманы Эрик Партридж ағылшын тіліндегі «боқмұрын» мағынасындағы сөздің бірнеше қолданылу қатарын келтіреді: blood (1550-1660); macaroni (1760); buck (1720-1840); dandy (1820-1870); swell (1811); toff (1851), бұл қатарға одан бергі spiv және қазіргі заманғы teddy-boy-ды қосуға болады. Жақша ішіндегі сандар сөздің ең бірінші рет тіркелген кезі мен қолданыстан шыққан уақытын көрсететінін айта кету керек. Осыдан сленг сөздері 16-шы ғасырдан бастап өмір сүреді деген қорытынды шығарамыз.
«Сленг» - күнделікті өмірде белгілі бір заттың атауы үшін қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылдап, мәнерлі сөздер. Сленг әртүрлі әлеуметтік топтардың ерекше қолданыстағы сөздері. Кейбір зерттеушілер жаргонды сленгпен байланыстыра қарайды. Сондықтан сленг ерекше лексика қызығушылықтары ортақ адамдардың қарым – қатынастарынан туындайтын сөздер деп көрсетеді.
Студенттер, мектеп оқушылары ағылшын тілінде таза сөйлеуді қойды. Онын орнына сленг, жаргон сөздерді жиі қолданатың болды. Бұл ағылшын тілінің қоғам арасындағы деңгейінің төмендеуі деп айтсақ қателеспейміз. Алдымен «сленг» деген не? Ол жаргонның бір түрі, сөздерге жаңа мағына беру. Жалпы сленг сөздерді, жастар өзара ерекше сөйлеу үшін қолданады. Өздерін басқалардан бөлек, күшті сезіну себебімен де болуы мүмкін. Күнделікті естіп жүрген жаргон, орысша, қазақша сөздермен ғана емес шетел тілімен де кездеседі.
Сленг тілдің қызықты, сонымен бір уақытта күрделі құбылыстарының бірі. Көптеген зерттеушілер сленгті қоғамдық диалектіге жатқызады. Диалект, соның ішінде сленг үнемі тілдік нормаға, стандартқа қарсы қойылады. Ағылшын лексикографиясында "сленг" термины өткен ғасырдың басында кең тарала бастады. Үлкен Оксфорд Сөздігінде бұл сөздің шығуы «language of a low or vulgar type» мағынасын беретін сөз ретінде 1756 жылы тіркелген. Сленгты зерттеуші Эрик Партридждың айтуынша, slang сөзі to sling – to utter етістіктеріне қатысты. Қазіргі заманғы лексикографияда сленг сөзі "ауыз екі тіл", "диалектизм", "вульгаризм", "жаргонизм" сөздерімен бірқатар қолданылады.
Сленг жастар арасындағы қарым-қатынастың бір ерекше түрі. Жаргонмен сөйлеп олар бір-бірін жақсы түсінеді. Мұндай сөйлеу мәнерің түсіне алмайтың үлкен кісілерімізді мазасыздандырады. Қазақ жастарымыздың орысша сөйлеуі бір мәселе болса, түсініксіз жаргонда сөйлеу екінші мәселе. Оның шешімі бар ма? Осы сұрақтың жауабың табу өте қиын. Алдымен қазақ жастарың қалайша таза сөйлетуге болады? Дөрекі сөйлеп, блогтарына балағат сөздерді жазып, мәдениет және тәрбие дегенді білмейтіндігің нақты көрсеткен. Тек ұлдар ғана емес, қыздарда үнемі боқтанып жүретіні бәріне белгілі. Осыдан балалардың ішкі мәдениетін анық аңғаруға болады. Мәдениетті сөйлеу, қоғымның дамуына да байланысты. Мұның бәрені ғаламтор, технологиялық жетістіктер, батыстың киноларының әсері шығар. [1,2]





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет