Қазіргі жастар тіліндегі сленг сөздерді тақырыпқа жіктеу және көркем әдебиеттегі (Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романынан) сленгтердің қолданысы


III Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романындағы сленг сөздерді қолдануы



бет6/8
Дата14.03.2023
өлшемі60,99 Kb.
#74132
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Келимбердина Дария. Гылыми жумыс 2019 шу қаласы

III Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романындағы сленг сөздерді қолдануы

Мен қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Мүсірепов Ғабит Махмұтұлының ең бірінші романы «Қазақ солдатын» алдым. «Қазақ солдаты» романы 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен жарыққа шыққан, 1950 жылы қайта өңделіп, толықтырып жазылған романы. Романды оқи отырып, ішіннен сленгтерді тере бастадым.


1.Зытып келем, зытып келем. Артыма қарамай-қарамай зытам... Зытып келе жатқаным – қашып келемін, артыма қарай беретінім – қорқып келемін. 8 бет.
2. Шаңқан шілденің аяқ кезі болар деймін... [8 бет, 5]
3. –Өй, өзіңді қасқыр талаған ба?-деді. [21 бет, 5]
4. Тіпті жазылып қалып еді, әнеугүні «дегдом» ұстап ала жаздап, содан қашып құтылғанына мақтанатындай жымиып та қойды. [24 бет,5]
5. – Е ,сен қалай қаштың «дегдом» қуғанда? [24 бет,5]
6. «Әмірқан етік» дегені немене, Оғап молданың мәсісінің табаны қандай екен, менің онда жұмысым да жоқ, әйтеуір табанымның солқылдағаны басыла бастағанын сезем. [25 бет,5]
7. –Неге білмейін! «Зәурешті» зарлатып жіберемін, - дедім. [25 бет,5]
8. – Мен әшейін «цирк», Бораш барып тұрған «опера»!-деді Шеген. [26 бет,5]
9. Анда барам десең де «лұхсат», мұнда барсаң да «лұхсат» керек. [26 бет,5]
10. –Ал, қырғилар, аздап болса да өнер көрсетіп жіберейік. 26 бет
11. –Нешева подобного! Атаман!-деді ол. [33 бет,5]
12. Үйдің қабырғасында, төңкеріп қойған кішкене шашкеге ұқсап, тағы бірдеме жабысып тұр. [35 бет,5]
13. Әрине, бәрі де жым болады. [35 бет,5]
14. Шеген мен Бораш қой «салқын сарайды» керіліп жатыр. [36 бет,5]
15. Балалар үйінің бастығы дырау ма, бухгалтер дырау ма? – деген сұрау қояды бір бала. [41 бет,5]
16. Бухгалтер Лазерь Моисеевичтің аузынан шыққан темекі түтіні соған ұқсайтындықтан, біз оны «станция» деп атап кеттік. [42 бет,5]
17. Бір күні үш бала темекі тауып алып, «станция» болып отыр едік, жұмыстан Шеген келіп қалыпты. Шеген шаңымызды қағып, «станцияның» быт-шытын шығарды. [42 бет,5]
18. Бастық менің ойымды түсінгендей «та- а – ак...»-деді, даусын созып, мен қысқа ғана «солай» дедім.
19. – Е, ол не қылып отыр екен? [57 бет,5]
20. Лаға беруден тізгін тартар жерге жетіп қалған екен! [60 бет,5]
21. Ойыма осы бір болмашы түсе қалып еді, құрыққа сырық жалғанып, ар жағы тарақандай балалап кетті. [60 бет,5]
22. Әлгі бір жүгіріп өткен қара күйе бала біледі оны! [70 бет,5]
Терілген сленг сөздерінің түсіндірмесі:
Зытып келем, зытып келем- қашып келем
шаңқан-ыстық
қасқыр талаған ба- үсті – басы жыртық
әнеугүні «дегдом»- дыбыстық өзгеріске ұшыраған.
Әмірқан етік-молданың етігіндей жалтырайды
«Зәурешті» зарлатып жіберемін «Зәуреш» әнін керемет айтам.
әшейін – жай ғана
цирк» - күлкілі адам.
опера- ән айтатын адам.
лұхсат- рұхсат бермеген адамның тілін мазаққа айналдырып айту.
атаман- көшбасшы, мықты адам.
жым болады- үндемеді.
салқын сарайды- үңгір
станция - мазақ, мысқылдап айту.
шаңымызды қағып- ұру, ұрсу.
та-а – ак...- ойлану, солай.
не қылып- не істеп.
лаға беру- көп сөйлеу, шешімін таппау
тарақандай балалап кетті- көбейіп кетті.
қара күйе бала – от жағатын адам- бұл сленгтер Ғабит Мүсіреповтың романындағы кейіпкерлердің образдары мен бейнесінде мінездерін аша білді. Автор романда сленгтерді ұтымды қолданған және көбінесе диалог кезінде қолданды. Осы романның ішіннен қазіргі кезге дейін сленгдердің өмір сүріп келгенін байқаймыз. Мысалы: Зытып келем, зытып келем, қасқыр талаған ба, әнеугүні , зарлатып жіберемін, әшейін, атаман, жым болады, шаңымызды қағып, «та-а – ак...», не қылып, лаға беру сияқты сленгтер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет