Қазіргі кездегі гендерлік психология мәселелері және олардың перспективалары

бет3/8
Дата19.10.2022
өлшемі0,56 Mb.
#44152
1   2   3   4   5   6   7   8

Ресей психологиясында Л.С. Выготскийдің 1920-1930 жылдары жарық көрген «мәдени-тарихи» концепциясын атап өту қажет. Л.С Выготский: «Жоғары психикалық функциялардың даму фактілеріне біржақты және қате дәстүрлі көзқарастартар, ең алдымен бұл фактілерді тарихи даму фактісі ретінде қарастыра алмауда, табиғи және мәдени, жаратылыс және тарих, биологиялық және әлеуметтік фактілердің баланың психикалық дамуында шатастыру және ажырата алмау, яғни зерттеліп отырған құбылыстың табиғи ұстанымдарын қате түсінуде» деп атап өтті. Осы себепті, тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік-мәдени шарттардың маңыздылығы туралы пікірлер, гендер ұғымынан бұрын пайда болған.

Алғашқы уақытта «гендер» термині, адамның биологиялық жынысы мен өзін қабылдауы, мінез құлқы бір-біріне сәйкес келмейтін жағдайларды сипатттауға қолданылған. Кейінірек «гендер» термині әлеуметтену нәтижесінде пайда болған, әйелдер мен еркектердің жынысытқ-рөлдік ерекшеліктерін сипаттауға қолданыла бастады. «Гендер» терминін ғылымға 1955 жылы американдық ғалым Джон Мани, «жыныс» терминіне балама ретінде енгізді. Джон Мани жыныс және гендер ұғымдарын өзара байланысты бүтін бір жүйе бөлшектері ретінде қарастырды. Джон Мани табиғат пен тәрбиені қарапайым қарама-қайшылық ретінде қарастырмады. Ол гендерлік сәйкестік қалыптастыруда табиғат та, тәрбие де маңызды рөл атқарады деп анықтады: «Әр даму деңгейінде ештеңе таза табиғи немесе таза тәрбие болып табылмайды, олардың арасында әрдайым байланыс болады»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет