Үшінші бағытқа сәйкес гендер әлеуметтік-мәдени категория ретінде - биологияға қатысы жоқ, қоғаммен қалыптастырылатын ұғым ретінде қарастырылады. Гендерге бұндай түсініктеме беруде постмодернисттік фил
Үшінші бағытқа сәйкес гендер әлеуметтік-мәдени категория ретінде - биологияға қатысы жоқ, қоғаммен қалыптастырылатын ұғым ретінде қарастырылады. Гендерге бұндай түсініктеме беруде постмодернисттік философия негіз болды.
Үшінші бағытқа сәйкес гендер әлеуметтік-мәдени категория ретінде - биологияға қатысы жоқ, қоғаммен қалыптастырылатын ұғым ретінде қарастырылады. Гендерге бұндай түсініктеме беруде постмодернисттік философия негіз болды.
Р. Ангер «жыныс» терминін адамның биологиялық аспектілерін сипаттауға, ал «гендер» терминін әлеуметтік, мәдени және психологиялық аспектілерін сипаттауға ұсынды. Әлеуметтік, мәдени, психологиялық аспектілер қоғамәйелдер мен еркектерге тән деп қабылдаған нормаларды, стереотиптерді, қасиеттерді қалыптастырады.
Д.В. Воронцов гендер ұғымын « адам сексуалдылығының әлеуметтік-психологиялық аспектісі: тұлға және мінез-құлық ерекшелігі, ол адамның әлеуметтік деңгейі мен белгілі бір жынысқа тән адамдармен әлеуметтік өзара әрекеттесу мағынасымен анықталады, яғни биологиялық факторлармен емес» деп анықтама берді [4,23]. «Гендер» ұғымы адамдардың бір-бірін әйел және еркек ретінде қабылдауы, әйел және еркек арасындағы әлеуметтік әрекеттесу ережелері, әйел немесе еркек ретінде өзін әлеуметтік таныту - сияқты әлеуметтік-психологиялық феномендер қарастырады.
Гендер теориясы біртекті емес және негізгі «гендер» ұғымын анықтаудан көрініс табады. Гендерлік зерттеулер пәнаралық болып табылады. Гендер ұғымы көптеген салаларда қолданылады: психология, тарих, антропология, әлеуметттану, философия және т.б. Әр салада гендер ұғымын қолдануда өзіндік ерекшеліктері тән. Психология басқа ғылым салаларына қарағанда ерекшеленеді, себебі зерттеу пәні жаратылыстану және гуманитарлық ғылым салаларының ортасында орналасқандықтан. Осы себепті де гендерді анықтауда қолданылатын әлеуметтік-мәдени бағыт, басқа әлеуметтік ғылым салаларына келсе психологияда гендер ұғымын толықтай сипаттай алмайды. Келешекте гендерлік психолгияның дамуына интегративтік тәсілдерді, әр-түрлі тұжырымдардың өзара әрекеттестігін және жыныстық- гендерлік зерттеулерде жалпы жүйелі зерттеу тәсілдерін қолдануды қажет етеді. Жүйелілік әдісі гендерлік психологияда негзігі әдіс ретінде қолданылуы мүмкін.