Қазіргі кездегі гендерлік психология мәселелері және олардың перспективалары

бет5/8
Дата19.10.2022
өлшемі0,56 Mb.
#44152
1   2   3   4   5   6   7   8

Екінші бағыт гендер әлеуметтік-биологиялық категория ретінде, биологиялық факторларды әлеуметтік-мәдени айырмашылықтар қалыптасатын тірек ретінде қарастырады. Р. Столлер жыныс және гендер ұғымын бөліп көрсеткенімен, гендердің қалыптасуына биология әсер етеді деп санады. Р. Столлер өз тұжырымында «ядерлік гендерлік сәйкестілік» (core gender identity) ұғымын атап өтті, бұл ұғым адамның белгілі бір жынысқа өзін сәйкестендіруде ішкі біліктілігін көрсетті, және биологиялық салдарға қарағанда әлеумеетік салдар басым болды.

Д. Майерс гендер ұғымын тұлғаның негізгі сипаттамасының бірі ретінде қарастыруды ұсынады, «адамның психологиялық және әлеуметтік дамуын қамтамассыз етуші, және биологиялық жынысымен, гендерлік стереотиптермен, гендерлік нормалармен және гендерлік сйкестілікпен анықталатын» - сипаттама

Ш. Берн келесідей анықтама береді: «Психологияда гендер – әлеуметтік-биологиялық сипаттама, және ол арқылы адамдар «еркек» және «әйел» ұғымдарына анықтама береді. Жыныс биологияялық категория болғандықтан, әлеуметтік психологтар жиі гендерлік ерекшелік ретінде, биологиялық жыныс ретіндегі негіздемелерге сілтеме жасайды.

  • Ш. Берн келесідей анықтама береді: «Психологияда гендер – әлеуметтік-биологиялық сипаттама, және ол арқылы адамдар «еркек» және «әйел» ұғымдарына анықтама береді. Жыныс биологияялық категория болғандықтан, әлеуметтік психологтар жиі гендерлік ерекшелік ретінде, биологиялық жыныс ретіндегі негіздемелерге сілтеме жасайды.
  • И.С. Кон жынысты гендерден толығымен бөлек қарастыру орынсыз деп атап көрсетті. Осылайша, әлеуметтік-биологиялық категория ретінде қарастырылып отырған гендер ұғымы «жыныс» ұғымын алып тастау немесе ауыстыруды ұсынбайды. Жыныс және гендер ұғымдары, осы категорияға сәйкес, бір-бірін толықтырушы категориялар ретінде қарастырылады, биологиялық факторлар гендердің қалыптасуына әсер етеді, әсер ету деңгейі және оның байқалуы әр-түрлі деңгейде анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет