Қазіргі кездегі революциялар: себептері мен салдары А. 1989–1990 жылдардағы Шығыс Еуропадағы «Барқыт революциясы»



бет1/4
Дата27.04.2023
өлшемі25,03 Kb.
#87550
  1   2   3   4
Байланысты:
f608b12a6aebf30


Қазіргі кездегі революциялар: себептері мен салдары

А. 1989–1990 жылдардағы Шығыс Еуропадағы «Барқыт революциясы»


Шығыс Еуропа мемлекеттері басшылары сөз жүзінде экономикалық және саяси рефор-малардың қажеттігін мойындағанымен, іс жү-зінде алдыңғы саясатты өзгертетіндей мардымды әрекеттер жасамады.
Билік басындағы саясаткерлердің батыл қадам жасай алмауының себебінен олардың сая-си қарсыластары күшейе түсіп, қалыптасқан жүйені жоюға шамасы жеткен «социализмді жаңғырту» қозғалысын ұйымдастырды.
80-жылдардың екінші жартысында Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері терең әлеуметтік-экономикалық және саяси дағдарысты бастан кешірді.
Қиын дағдарысты басынан өткерген Польшаның біріккен жұмысшы партиясы(ПБЖП) биліктегі монополиядан бас тартып, эконо-микалық және саяси реформаларды жүргізу жолы арқылы жағдайды реттеуге тырысты. ПБЖП басшылығымен Войцех Ярузельский саяси ахуал тұрақтанғаннан кейін оппозициямен арадағы диалогті жақсарту үшін жаңа жолдар іздей бастады. Католик шіркеуімен байланыс жақсарды. 1985 жылы В. Ярузельский президент болып сайланды.
1986 жылы қыркүйек айында елде саяси рақымшылық жарияланды. Бұл жағдай «ынтымақтастық» кәсіподағына өзінің қызметін қайта жаңғыртуына мүмкіндік берді. Оппозиция күштері өз кандидаттарын парламент сайлауына ұсынуға құқылы болды. 1989 жылы маусым айында көппартиялы негіз бойынша сеймде (парламент) таңдау жасалды. «Ынтымақтастық» коммунистік емес партиялармен одақтасты және 40 жылда алғаш рет компартия аз дауысқа ие болды. Католиктік зия-лылар өкілі Тадеуш Мазовецкийдің жетекшілік етуімен коммунистік емес үкімет құрылды.
Билікке Мазовецкийдің келуімен және ПБЖП монополиялық ұстанымының жойылуы жаңа саяси-экономикалық құрылымның қалыптасуын жылдамдатты.
Мемлекет атауы өзгерді – әлемнің саяси картасында Польша Халық Республикасы орнына Польша Республикасы деп өзгертілді.
Бальцерович жоспарлы орталықтандырылған экономикадан нарықтық экономикаға тез көшуді қарастырды. Бағаға бақылау жүргізу толығымен жойылды, бір мезетте жалақы кідіртілді.
Мазовецкий үкіметі түбірімен қайта құру бағдарламасын жүзеге асырып, қаржы министрі Л. Бальцерович бастамасымен экономиканы қайта бағдарлауға кірісті. Бұл қайта бағдарлау – «есеңгіреу терапиясы» («шоковая терапия») деген атауға ие болды. Нарық тұрақтанып, құнсыздану жойылды. Алайда жүргізілген экономикалық саясат бағаның кенет өзгеруіне, тұтыну көлемінің азаюына, тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне және жұмыссыздар санының өсуіне алып келді. Мазовецкий үкіметі 1990 жылы беделі төмендеп, қызметтен кетуге мәжбүр болды.
1990 жылы қаңтар айында ПБЖП Социал-демократиялық партиясы болып қайта құрылғандығын жариялады. 1990 жылдың аяғында ел президент сайлауын өткізді. «Ынтымақтастық» көшбасшысы Л. Ва-ленса президент болды. Жаңа үкімет реформаларды жүргізуді тездетуге қатысты өз шешімін айтты.
80-жылдардың аяғына дейін Венгрияда ел басшылары түбірімен қайта жаңғыруға батыл қадам жасай алмады. 1988 жылы Венгер социа-листік жұмысшы партиясының(ВСЖП) конференциясында ел бас-шылары ауысты. Я.Кадар ВСЖП ОК (Орталық Комитет) бас хатшысы қызметін өзінен жас көшбасшы Карой Гросқа босатып берді. Конференция экономиканы тұрақтандыру мен сыртқы берешекті қысқарту бағдарламасын қабылдады. Шетел фирмаларымен бірлесе отырып, өндіріс орындарын ашу көзделді. Экономикалық реформаларға саяси толықтырулар енгізу қажеттігін мойындады. 1989 жылы ақпан айынан бастап елде көппартиялыққа рұқсат етілді. Венгрияның парламенттік демократияға көшуіне байланысты үш жақты келіссөздер жүргізілді. Оған ВСЖП, оппозициялық партиялар мен қоғамдық ұйымдар қатысты. Елде президент қызметі бекітілді.
1989 жылы қазан айында ВСЖП құрылтай өткізді. Нарықтық ре-формаларды қолдаушылар жеңіске жетті. Құрылтай партияны Венгер социалистік партиясы (ВСП) деп өзгертуге шешім қабылдады. Бұл пар-тия пролетариат пен демократиялық орталықтандырылған диктатура-дан бас тартып, өзін «жаңа социалистік партия» ретінде таныстырды. ВСП социалистік нарықтық экономика мен жекеменшіктің көп түрлі формаларына қатысты өз ойларын ашық білдірді.
1990 жылы елде Мемлекеттік ұйымдар арасында сайлау өтті. 1987 жылдың соңында құрылған, нарықтық қатынасқа өтуді қолдайтын Венгер демократиялық форумыжеңіске жетті. Форум көшбасшысы Йожеф Анталл үкімет басқарды. Екі жетекші парламенттік фракция-лар – Венгер демократиялық форумы мен оппозиция құрамына енген тәуелсіз демократтар одағы – президенттік қызметке тәуелсіз демо-краттар одағының өкілі Арпад Генцты ұсыну туралы келісімге келді. 1990 жылы тамыз айында ол президенттікке келді.
1989 жылдың күзінде Венгрия Австриямен арадағы шегараны ашты. Венгриядағы ГДР азаматтары ГФР-ге көшу үшін осы сәтті пайдалан-ды. ГДР-ден жарты миллионға жуық неміс азаматтары қашып кетті.
ГДР қалаларында «Біздің кеткіміз келмейді!» ұранымен жаппай шерулер бас көтерді. Бұқаралық шеруге қатысушылар тез арада саяси және экономикалық реформаларды талап етті. Алайда Германия социалистік біріккен партия(ГСБП) хатшысы Эрих Хонеккер мен оның айналасындағылар мәселені шешуге асықпады.
Э.Хонеккердің төңірегіне оппозициялық партиялар қалыптаса бастады. ГСБП ОК пленумы оны басшылық қызметтен түсіріп, орнына ОК бас хатшысы Эгон Кренцті сайлады. Бірнеше айдан кейін соңғысының орнына либерал Грегор Гизи келді. Оның кезінде ГСБП демократиялық социализм партиясы(ДСП) деп атала бастады. Конституцияда келтірілген қоғамдағы партиялардың жетекшілік рөлі туралы бабты алып тастады. Сонымен бірге ДСП социалистік сайлау өткізетіндігі туралы ойынан айнымады. ГДР Халықтық палатасының сайлауалды қарсаңында коммунистік емес партиялар тұрғындар арасында бұрын-соңды болмаған антисоциалистік үгіт-насихаттар жүргізіп, халықты ГФР-ге тезірек бірігуге және нарықтық қатынасты қалыптастыруға шақырды.
1990 жылы наурыз айында болған сайлауда ГДР тұрғындарының басым көпшілігі нарықтық экономиканы қолдайтындықтарын білдірді. Сайлаудан кейін құрылған үкімет құрамына Христиан-демократиялық, Либерал-демократиялық және Социал-демократиялық партиялар кірді.
Басшылық қызметке ХДО Лотар де Мезьер өкілі сайланды. Германи-яны біріктіруге дайындық шаралары басталды.
1989 жылы 9 қарашада Берлин қабырғасы құлатылып, ГДР мен ГФР арасындағы шегара ашылды. 1990 жылы 1 шілдеде ГДР мен ГФР арасында валюталы, экономикалық және әлеуметтік одақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Батысгерман маркасы ГДР валютасы болып есептелді. 1990 жылы 3 қазанда ГДР ГФР құрамына қосылып, қызметін тоқтатты.
1987 жылы Чехословакия басшылығы экономикалық реформаларды қолға ала бастады. Алайда оппозиция радикалды өзгерістерді талап етті. 1989 жылы 17 қарашада Прагада студенттердің қарсылық білдіру шерулері басталып, полицияның тарқатуымен аяқталды. Ертесіне «Азаматтық форум» деп аталатын оппозициялық ұйым құрылды. (Осы уақыт аралығында аталған форумдар секілді бірлестіктер «Зорлыққа қарсы қауымдастық» атауымен Словакия елінде де пайда болды). Оп-позиция қысымымен Компартия Конституциядағы ЧКП жетекшілік рөлі туралы бапты алып тастауға келісті. Елде Мариан Чалф басқарған коалициялық үкімет құрылды. Негізгі қызметтік орынды бұрынғы диссиденттер басқарды. Олардың арасында ең танымалы – драматург Вацлав Гавел – 1989 жылы 29 желтоқсанда Чехославакия президенті болып сайланды. Прага көктемі кезеңінде Компартияның жетекшісі Александр Дубчек Федералды ұйымның өкілі атанды. 1990 жылы өткізілген парламенттік және жергілікті сайлауда Компартия жеңіліске ұшырады. 1991 жылы шілде айында кеңес әскерлері елден шығарылды. Мемлекетке жаңа атау берілді. Чех және Словакия Федеративті Респу-бликасы(ЧСФР) деп атала бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет