Ә. Таяу Шығыстағы 2010–2011 жылдардағы «Араб көктемі». Посткеңестік елдердегі «Түрлі түсті революциялар» «Араб көктемі»
1970–2010 жылдар аралығында араб елдері халқының саны 128 миллион көрсеткішінен 359 млн адам санына өсті. Олардың барлығын жұмыспен қамту мәселесі туындады. Жастар мектепте білім алып, университет тамамдағаннан кейін жұмыссыздар қатарына қосылды.
1990 жылдың екінші жартысында Араб елдерінің жаһандану мен жаңғыру үдерісіне жап-пай еліктеуі халық арасында жаһандану мен батыстық көңіл күйге қарсы үндеулер мен өз басшыларына сенімсіздік таныту жағдайлары жиілей бастады.
2000 жылдың басында әлемнің өзге аймақтарында болған демо-кратиландыру әсерімен Араб үкіметі өз билігін таңдау жасау арқылы нығайтуға тырысты. Алайда ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығында сайлау нәтижесі бойынша Араб елдері арасында қауқарлы батысқа қарсы құзыреттілікке ие саяси ислам қоз-ғалысы жеңіске жетті. Саяси шешімдерді жасау мен қабылдауда зайырлы оппозиция күштерінің ықпалы қысқартылды. Бір адамның партиясына айналған, басқарушы партия-лар саяси бәсекелестікке төтеп беруге қабілетсіз еді.
2007 жылы әлемдік қаржы дағдарысы бас-талған кезде Араб елдері халқының 41 пайы-зы кедейшілікте болды. Жастар арасында жұмыссыздар саны 30 пайызға жетті. Жоғары білімі бар, тұрақты жұмысы жоқ жастар оп-позициялық күштердің ұйытқысына қосылып, 2010 жылы үкіметке қарсы шеруге шықты.
«Араб көктемі» атауына ие болған жаппай үкіметке қарсы наразылық 2010 жылдың 18 желтоқсанында Тунисте басталып, көп ұзамай барлық Араб елдеріне тарады. Ереуіл, наразылық, шерулер мен митингілер секілді қарсылық білдірудің формалары қолданылды. Жаппай ұйымдастырылған шерулер жұма күні түскі намаз кезінде басталды. Билік басындағылар шерушілерді күш көрсету әдістерін қолдану арқылы басуға тырысты.
Араб революцияларына мына ерекшеліктер тән: негізгі себептер – әлеуметтік мәселелер (бағаның өсуі, жұмыссыздық, нашар әлеуметтік қамсыздандыру), мемлекет пен қоғамдағы тоқырау; қатысушылардың ғаламтор арқылы байланыс үйлесімділігі (Твиттер, әлеуметтік желілер, электронды пошта және т.б.) болды. Бұл форманың шеруге қатысушыларға ықпалы күшті болды; жеңіске жеткенше күресу, көп жағдайларда, қарсылық білдірушілер билікпен келісімге келуден бас тартып, биліктен толығымен кетуін талап етеді (шерушілердің негізгі ұраны: «Халық ресми тәртіптің құлауын қалайды!»); нақты ұйымдастырушылардың жоқтығы, халықтың өз бетінше бастамасы болды.
2011 жылы Тунисте, Египетте, Йеменде мемлекеттік төңкерістер; Ливия мен Сириядағы азамат соғысы; Бахрейнде азаматтық көтеріліс; Алжир, Ирак, Иордания, Марокко, Оманда жаппай наразылық; Ку-вейт, Ливан, Мавритания, Сауд Арабиясы, Судан, Джибутта кішірігім бас көтерулер орын алды.
2010–2011 жылдары революция нәтижесінде Египет, Ливия, Тунис, Иордания, Йемен үкіметтері таратылды немесе қызметтен босатылды. Кувейт, Оман, Алжир, Катар мемлекеттері басшылары реформалар жасауға кірісті. Сауд Арабиясы мен Бахрейнде халық көтерілісі билік тарапынан күштеп басылды. Сирияда азамат соғысы белең алды.
Араб революциялары пайдалы жағымен қатар теріс салдарларға әкелді. Олар бірден қатал тәртіп орната алмағандықтан, идеологиядағы ретсіздікпен жанжалдарға соқтырған ұзақ кезеңнің басталуына себеп болды, Ливия мен Сириядағы азамат соғысының басталуына әкелді.
Халықтың негізгі әлеуметтік экономикалық және саяси қажеттілік-терін уақытылы реформаларарқылы қанағаттандырып отыру үшін мемлекеттің мықты, бірақ авторитарлы емес билігі болу керек. Басқару-шы топ пен тұрғындар арасындағы арақашықтықты қысқарту керек болды.
Посткеңестік кеңістіктегі «Түрлі түсті революциялар» Шығыс Еуропадағы «Барқыт революциясы» бұрынғы КСРО құра-мында болған елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен ықпал етті. Олардың тәжірибелері Грузия, Украина және Қырғызстан секіл-ді посткеңестік елдерде орын алған «түрлі түсті революцияға» әсерін тигізді.
1991 жылы қаңтарда Грузияда орын алған мемлекеттік төңкеріс нәтижелеріне орай елдің президенті З.Гамсахурдия өз билігінен тай-дырылды. 1992 жылдан бастап мемлекетті Э.А.Шеварднадзе басқара отырып, өзінің авторитарлы саяси режімін нығайта бастады. Халық жемқорлықтан, төмен тұрмыстан, сапасыз медицинадан зардап шекті. Экономика құлдырап кетті. Азаматтар арасында мемлекеттің даму бағытына көңілі толмайтындар қатары артты. Оппозиция күш алды. 2003 жылы Грузияда парламент сайлауы өткен кезде халықтың наразылығы шегіне жетті.
Парламент сайлауында үкіметті жақтайтын «Жаңа Грузия үшін» блогына реформаторлық бағыттағы жас саясаткер Михаил Саакашвили басқаратын «Ұлттық қайта өрлеу одағы» блогы қарсылас болды. Өзінің сайлауалды науқанында ол: «Грузияға реформа керек, онсыз мемлекет ұзақ өмір сүре алмайды», – деп мәлімдеді. Халықтың көп бөлігі рефор-маторларды қолдап, олардың соңынан сайлауға барды. Орталық сайлау комитеті (ОСК) сайлауда билікті қолдайтын блоктың жеңіске жеткенін жариялады. Оған жауап ретінде Саакашвили сайлауда заңсыздыққа жол берді деп Шеварднадзені айыптап, өз жақтастарын қарсылық білдіруге шақырды.
2003 жылы 21 қарашасында кешке елдің барлық аймағынан Тби-лисиге жиналған реформаторлардың жақтастары: «Шеварднадзе отставкаға кетсін!» деген талаптарын қойды. Саакашвилидің бастауы-мен митингіге шыққандар жаңа парламент өткізіп жатқан алғашқы отырысқа басып кіріп, Шеварднадзенің баяндамасын үзіп тастайды. Адамдар қолдарында бейбіт өзгерістің белгісі ретінде раушангүлі бол-ды (осыдан келіп «раушангүл революциясы» атауы шықты). Келесі күні Шеварднадзе отставкаға кетті. Парламент «Ұлттық қайта өрлеу одағын» бекітті.
2004 жылдың қаңтарында өткен кезектен тыс президент сайлауын-да М.Саакашвили жеңіске жетті. Грузияның билігіне жас реформа-торлардың буыны келді. Олар елдегі мемлекеттік және саяси институт-тарға реформа жасап, жемқорлыққа қарсы күрес жариялады.
2004 жылдың соңында Украинада осыған ұқсас жағдай қалыптасты.Елде президенттік сайлау өтуі тиіс болатын. Ең басты талас негізгі үміт-керлер В.Янукович (премьер-министр) пен «оппозицияның үміткері» саналатын В.Ющенко (бұрынғы премьер-министр) арасында болды.
22 қарашада ОСК Украина Президенттігіне үміткерлер иеленген екінші сайлау қорытындысын жариялады: Сайлаушылар Януковичке 49,42 пайыз дауыс берсе, В.Ющенко 46,7 пайыз дауыс алды.
Бұған наразы болған халық Киевтегі Тәуелсіздік алаңына жинала бастады. Қала орталығында үкіметке қарсы жиналғандарға арналып арнайы шатырлы қалашықтар құрылды. Халықтың жаппай бас көтеруі бүкіл елді қамтыды. Адамдар В.Ющенконың сайлау белгісі болған қызғылт сары түсті киініп, алаңға жиналды. Осыдан наразылық шеруі «қызғылт сары революция» атауын алды. 24 қарашада халықтың жаппай қарсылығына қарамастан ОСК сайлауда В. Янукович жеңіске жетті деп жариялады.
Бұған жауап ретінде В.Ющенконың жақтастары Ұлттық құтқару комитетін құрып, Бүкіл Украиндық саяси ереуіл жариялайды, олар демонстранттарға қоғамдық ғимараттарды, оның ішінде Министрлер кабинеті мен президент әкімшілігін қоршап алуға шақырды. Соны-мен қатар елде жергілікті кеңестердің сессиясы шақырылып, сайлау нәтижесін мойындамау жарияланды. Бірқатар кеңестерді жергілікті аймақтарда В.Ющенко басқарды.
Қалыптасқан күрделі жағдайға орай Украинаның Жоғарғы Кеңесі 2004 жылдың 1 желтоқсанында сайлаудың нәтижелерін жойып, Ми-нистрлер Кабинетіне сенімсіздік білдіріп, үкіметті таратады. Оппо-зиция елдегі билік басына келеді. Украина парламенттік республика болды. Алайда Украинада «қызғылт сары революциядан» кейін кең ауқымды реформалар қолға алынбады, елдегі әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдай тұтастай жақсы жағына өзгермеді, бұл мемле-кетте үлкен дағдарыс тудырды.
Посткеңестік кеңістіктегі келесі «түрлі түсті революция» Қырғыз-станда болды. 2005 жылдың наурызында елдің оңтүстігінде жаппай тәртіпсіздіктер басталып, оның соңы әкімшілік ғимараттарды басып алып, өртеумен аяқталды. Наразылық елдің астанасы – Бішкекке дейін жетті. Президент А.Ақаев билікті тастап, елден кетті, билікке оппо-зиция келді. Бұл халық наразылығы «қызғалдақ революциясы» деп аталды. Елдің жаңа президенті Құрманбек Бакиев болды. 2007 жылы жаңа Конституция жобасын референдумға ұсынды, ол бойынша мем-лекет парламенттік-президенттік республика болуы тиіс болды. Бұл референдумда осы жоба қабылданған соң кезектен тыс парламенттік сайлау өтті. Сайлауда президенттік «Ақ Жол» партиясы жеңіске жетті.
Барлық «түрлі түсті революцияларға» тән ерекшелік жалпы халықтың саяси белсенділігі және басқарушы элитаның ауысуы болды. Алайда «түрлі түсті революция» орын алған елдердің бұдан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында нәтижелі оң өзгерістер болмады.