Қазіргі кездегі революциялар: себептері мен салдары А. 1989–1990 жылдардағы Шығыс Еуропадағы «Барқыт революциясы»



бет2/4
Дата27.04.2023
өлшемі25,03 Kb.
#87550
1   2   3   4
Байланысты:
f608b12a6aebf30

Чехословакияда саяси тәртіптің өзгеруі бейбіт әрі залалсыз өткендіктен, «барқыт революциясы» деген атауға ие болды.
Шығыс Еуропа елдеріндегі саяси ахуал демократиялық қайта жаңғыруға талпынған Болгариядағы күштердің белсенділігін арттырды. 1989 жылы қазан айында БКП ОК Саяси бюросының мүшесі, сыртқы істер министрі Петр Младенов басқару ісінде жол беруге болмайтын әдіс-терді пайдаланғаны үшін Т. Жиковты айыптап, партия жетекшілеріне ашықхат жолдады. Саяси бюро мүшелері П.Младенов бастамасын қол-дап, 1989 жылы 10 қарашасында БКП ОК Пленумы Т. Жиковты бас хатшы қызметінен босатты. Көп кешікпей ол Мемлекеттік кеңес өкілі лауазымынан да босатылады. Елде Президенттік лауазымы құрылып, оған П. Младенов сайланды.
Ел ішінде көптеген саяси ұйымдар пайда бола бастады. Партиялар мен саяси ұйымдардың бірқатары Демократиялық күштер одағына(ДКО) бірікті. Олардың мақсаты елге көппартиялы жүйелер мен парла-менттік демократияны енгізу болды.
1990 жылы қаңтар айында құрылған БКП XIV құрылтайы Болгариядағы социалистік қоғамның қайта құрылуы мен жаңғыруының бастал-ғандығы туралы баяндама жасады. Сонымен бірге елде демократиялық социализмнің құрылатындығы жайлы хабарлады. Партия қоғамдағы жетекші рөлінен бас тартты. Живков пен айналасындағы жақын серік-тестерінің бірі партиядан шығарылды. Партия атауы Болгар социа-листік партиясы (БСП) болып ауысты. ДКО айналасына шоғырланған оппозициялық күштер 1990 жылы жазда П.Младеновтың қызметтен кетуіне қол жеткізді. 1990 жылы тамыз айында Ұлы халық жиыны ел президенті етіп ДКО көшбасшысы Желю Желеваны таңдады. Осы жылдың желтоқсан айында коалициялық үкіметтің құрамын бекітті.
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропаның көптеген елдерімен салыстырғанда Румыниядағы тәртіптің ауысуы қанды сипатқа ие болды. 1987 жылдың аяғында Брашов өнеркәсіптік қаласында «Диктатор жой-ылсын!» ұранымен тұрғындардың наразылық шеруі өтті. Шерушілер полиция араласуымен тоқтатылды. 1989 жылы желтоқсан айында румын билігі протестанттық бағытты ұстанған венгер дін қызметшісін Тимошоара (Трансильвания) қаласынан қоныс аударуға мәжбүрлейді. Бұл жағдай қоғамда наразылық толқынын тудырып, полиция қару қолдану арқылы көтерілісті басты. Нәтижесі антикоммунистік революцияның басталуына себепші болды.

22 желтоқсанда биліктің нұсқауымен Бухарест орталық алаңына Н.Чаушеску саясатын қолдау үшін 10 мыңнан аса адам жиналды. Алайда билік басындағылар үшін күтпеген жерден митингке қаты-сушылар «Чаушеску жоғалсын!» деген айқайға басты. Наразылық көрсетушілерге қарсы тағы да қарулы күш қолданылды. Жүздеген адамдар жараланды және қаза тапты. Дегенмен көтерісшілерге көмекке әскер келеді. Николае Чаушеску мен оның жұбайы елден қашуға әрекет жасағанымен, нәтижесінде қолға түседі. Оларды «геноцид, жемқорлық және экономиканы құлдыратқандары» үшін айыптап, ату жазасына бұйырады. Ұлттық құтқару фронты қалыптасады. Оның басшысы Ион Илиеску – Чаушескуға қарсы болған бұрынғы коммунистік атқарушы болатын. Дегенмен 1990 жылы мамыр айында И. ИлиескуРумынияның президенті болып сайланды.


1980 жылдың соңы – 1990 жылдың басында Югославияда эконо-микалық және саяси дағдарыс күшейе түсті. Елді басқаруды орта-лықсыздандыру үдерісі басталды. 1989 жылы 27 қыркүйегінде Слове-ния Республикасының парламенті республиканың ЮСФР құрамынан шығу құқығы туралы жариялады. Бұл біртұтас елді жоюға жасалған алғашқы қадам еді. Осы жылы Сербия аумағында Косово өлкесінің албан тұрғындары аймаққа республика атауын беруді талап етті. Бұл жайт сербтік тұрғындарды алаңдатты. Сербияның барлық аймақтарында ал-бандықтарға қарсы наразылықтар өрши түсті. Осы толқынның әсерімен 1990 жылы 9 қаңтарда Сербиядағы алғашқы көппартиялы сайлауда Сербия социалистік партиясы Президумының өкілі Слободан Милошевич президенттік орынға жайғасты. Ол біртұтас мемлекетті сақтап қалуды көздеді, алайда ыдыраушылық арта берді.
1990 жылы желтоқсан айында Словения мен Хорватия тәуелсіздік үшін өз ойларын білдірді. Хорватияда жаңа Конституция қабылданды. Республика тұрғындарының 30 пайызы сербтер болғанына қарамастан елді хорват халқының мемлекеті деп жариялады. Жаңа Конституция қабылдағаннан кейін кемсітушіліктің күшеюінен қауіптенген Хорва-тиядағы серб тұрғындары өздеріне басымдық беретін Серб өлкесі рес-публикасын құруды талап етті. Олардың бірігу жоспары серб билігі тарапынан қолдау таппады. 1991 жылы маусым айында Словения мен Хорватия ЮСФР құрамынан кететіндіктерін мәлімдеді, алайда Белград бұл акцияларды заңды деп мойындамады. Серб Өлкесі Республикасын бөлшектеу мақсатында Хорват сепаратисттерінің қарулы қақтығысы басталды. Югославияда азамат соғысы басталды.
1991 жылы қыркүйек айында Македония Югославиядан тәуелсіздігін алып, бөлініп шықты. 1992 жылы сәуір айында Югославиядан Бос-ния мен Герцеговина бөлінді. Югославия біртұтас мемлекеттілігін сақтап қала алмады. Босния мен Герцеговинада сербтер, хорваттар мен мұсылмандар (ислам дінін қабылдаған славяндар) арасында қарулы қақтығыстар орын алып, нәтижесінде 1995 жылы қазан айына дейін созылған азамат соғысының басталуына себепші болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет