XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тенденциясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.
Студенттердің тұлғаға-бағдарлаушылық дамудың міндеті бірқатар еңбектерде негізделеді (В.В. Сериковтің, А.В. Петровскийдің, А.К. Маркованың және т.б.). Педагогты дайындау олармен алдағы педагогикалық жұмыстың субъект іс-әрекеті барысында қалыптасатын тұлғалық-бағдарлаушылық мән-мағыналардың және субъект іс-әрекетімен айқындалатын күрделі үрдісі ретінде қарастырылады.
…Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
Абай Құнанбайұлы Тұлғаға бағытталған көзқарастың білім беруге деген мақсаты сырттай берілген қасиеттерді «қалыптастыру» деп қаралмайды, оның негізгі мәні тұлғалық мүмкіншілікті ашу және демеу, тұлғаның рухани және моральдық мүмкіншіліктерін анықтау, оларды өзін-өзі дамытуға кіріктіру деп түсінеміз. Сондықтан да педагогикалық және психологиялық тұрғысынан болашақ маманның өзін-өзі дамыту іс-әрекеті мен оның өзіндік санасының ерекшеліктерін тұлғаның кіріктірілген компоненті ретінде зерттеу маңызды болады.
Көптеген зерттеушілердің еңбектерінде болашақ маманның кәсіби дайындығы мәселелерінің аспектілері қарастырылады:
1. Мұғалімдердің жалпы педагогикалық дайындығы (Н.К. Крупская [42], Н.В. Кухарев[46], В.А. Сластенин[66], Н.Д. Хмель [56], М.И. Кудабаева[43] және т.б.); 2. Мұғалімдерді дайындау барысындағы кәсіби біліктерді қалыптастыру мәселелері (Б.И. Степашин[67], Н.А. Томин, Н.Ф. Белокур[71] және т.б.) 3. Педагогикалық тәжірибе барысында студенттер дайындығын жақсартудың аспектілері (О.А.Абдулина [2], Г.А. Кит[38], Т. Камзабаев, К. Капбаев, В. Клочко және т.б.); 4. Мұғалімдер дайындығы мен біліктілігін көтеруді жетілдіру аспектілері (Н.В. Александров [8], Г.А. Победоносцев [58] және т.б.); 5. Педагогикалық мәдениет мәселесі (М.Х. Балтабаев[12], Т.В. Иванова [35], Н.З. Чавчавадзе [75], Е.Н. Шиянов [76]); 6. Болашақ мамандардың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің мәселелері (С.Б. Елканов[30], Б.П. Зязин[33], А.И. Щербаков және т.б.).
Пайдаланған әдебиеттер:
Әдіскер мұғалім «ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болуы керек» Бақыт Чакакова.
Исмаилова, Р. Б. Қазіргі кездегі болашақ мұғалімнің тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері мақаласы.
Қарлығаш Сарбасова «Инновациялық педагогикалық технологиялар» Алматы, 2006 ж.