Қазіргі кезеңдегі мәдениет. Мәдениет және ХХ ғасырдағы мәдени оқиғалар Орындаған: Дарханова Еркінай Тексерген: Саурбаева Райса



бет5/6
Дата10.04.2022
өлшемі182,54 Kb.
#30499
1   2   3   4   5   6

Еуразиялық мәдени тип Еуразиялық мәдени тип. Бұл типті негіздеуден бұрын, қазіргі кезде өтімді бір теория — С. Хантингтонның «Өркениеттер жанжалы» ілімінің бір қырын қарастырып өтейік. Бұл ілім бойынша әртүрлі суперөркениеттердің шекаралық аймағы тұрақсыздық пен жанжалдардың (конфликтердің) ықтимал ошақтары болып табылады. Ал Қазақстан өзінің геомәдени кеңістігі бойынша конфуцийлік және православиелік өркениеттердің ортасында орналасқан.


Мысалы, Ресей империясының мәңгүрттендіру саясатының кейбір әрекеттерін еске алайық:

1. Халықтың өзін өзі басқару жүйесін отар лык әкімшілікпен алмастыру.

2. Салт-дәстүр мен руханилықтың тамырына балта шабу.

3. Миссионерлік әрекет, төлтума жазбаша мәдениетті шектеу, алфавитті алмастыру, орыстандыру, орыс мектептерін ашу.

4. «Бұратана» халықтардың тілін жоғары мәдени аймақтардан аластап, күнделікті-тұрмыстық деңгеймен шектеу. Метрополиялық менталитет пен мәдениетті күшпен енгізу.

Осыдан келіп «мәңгүртсің» деп біреуді айыптау әділетсіздікке жатады. Мәселе осы жағдайдан қалай құтылудың жолдарын айқындауда болып отыр. Оның басты жолы — ұлттық мәдениетті қайтадан игеру.

Алайда, мәңгүрттіктің елестері аз емес. Мысалы, этномәдени нигилизмді (кемсітушілікті) алайық. Еуропатектік әдебиетті айтпағанның өзінде, біздің республикалық басылымдардағы кездесетін мынадай пайымдаулардың төркініне көз салайық.

— Қазақ тілі көшпелілік үрдістен қалған реликт.

— Көшпелілер шынайы мәдениетке жете алмаған, «мәдениет» деген сөз арабша «қала» мағынасын білдіреді, сондықтан оны тек отырықшылардың үлесі деп жариялау.

— «Психологиялық зерттеулер» республикада екі тип бар екендігін көрсетеді: біріншіден, психодиагностикаға икемді «еуропаорталықтандырылған» тип, екіншісі — этноорталықтық мінез-құлыққа және дінге бағдарланған «ортодоксты-азиялық» тип.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет