Қазіргі кезеңдегі мәдениет. Мәдениет және ХХ ғасырдағы мәдени оқиғалар Орындаған: Дарханова Еркінай Тексерген: Саурбаева Райса


Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері



бет4/6
Дата10.04.2022
өлшемі182,54 Kb.
#30499
1   2   3   4   5   6

Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері


Архаикалық тип

Мәдени идентификация (теңестіру) адамның, белгілі бір нақтылы мәдени ортада өзін-өзі сезіну деңгейіне байланысты. Адам туғанынан құндылықтар жүйесін, әдетте, сол күйінде дайын қабылдайды (отбасылық, топтық, этностық, мемлекеттік, өркениеттік тағы басқа). Еркін таңдау қабілеті тек шығармашылық типтегі адамдарға тән. Бұл ретте, әсіресе этникалық сананың тұрақтылығын, рәміздері (мифтері, аңыздары, мұраттары, қасиетті символдары, салттары тағы басқа) мен дүниетанымының өткен кезден сусындап тұратынын ескерген жөн. Этномәдени сана «біз және біз емес» деген ажыратушылық оппозицияға негізделген. Бұл сана адамды өткен тарихқа басты назар аударып, этностың түп-тамырларын құрметтеуге шақырады. Бұл — жағымды әрі қажетті талап. Өзін сыйламаған, басқаны да сыйлай алмайды.



Мәңгүрттік тип.

Бұл типке ұлттық салт-дәстүрден жұрдай, оның рәміздік рәсімдік мағынасын білмейтін, күнделікті өмірде ұлттық мәдени жүйенің құндылықтарын қолданбайтын адамдар жатады. Бұл туралы Ш. Айтматовтың шығармашылығында әсерлі жазылған. Мәңгүрт дегеніміз рухани тамырларынан айырылған адам.



Мәдениеттанулық әдебиетте ұлттық мәдениеттен тыс қалған типтік бейнені «евнух» (әтек) деп те айтады. Осман империясындағы әскердегі янычар, уәзір болған христиан, гаремдегі әтек өзінің мәдени қауымын жоғалтқан «евнухтың» классикалық түріне жатады.

Мәңгүрттік тип — дәстүршілдің қарама-қарсы бейнесі. Бірақ архаист өмірлік позицияны өз қалауымен қабылдаса, мәңгүрттік — сыртқы күштеудің нәтижесі. Мәдени жадыдан адам зорлық-зомбылықтың әсерінен айырылады. Әдетте Бұл отаршыл экспанцияның ассимиляциялау саясатынан туады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет