Ғылыми-педагогикалық журнал
ҚАЗІРГІ МЕКТЕП – СОВРЕМЕННАЯ ШКОЛА
Журнал ай сайын шығады
Құрылтайшысы:
«Қазіргі мектеп» журналының
редакциясы
Журнал барлық білім саласына
арналған, соның ішінде
мектепке дейінгі және орта
мектеп педагогтарының білім
жетілдіруіне бағытталған.
Редакциялық алқа:
Мұсаева К.С. - профессор
ҚазҰПУ
Медеубеков С.М. – педагогика
ғылымдарының кандидаты,
доцент
Қоңыратбай Т. – педагогика
ғылымдарының докторы,
профессор
Панзабеков К. - Жазушылар
Одағының мүшесі
Мақажанова З.Ш. - доцент
ҚазҰПУ
Бас редактор
Қанатбек Гүлнара
Ғылыми редактор
Мергенбаева Қарлығаш
Дизайнер және беттеуші
Айтбаева Зоя
Менеджер
Мухияев Бауыржан
Журнал Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрлігінің келісімімен 2009
жылдың 25 желтоқсанында
№10580 тіркеуге алынды.
Редакция мекен-жайы:
Алматы қаласы,
Бұқар жырау көшесі, 32
тел.8(727) 306 91 24
8 (775) 400 30 70
№10, 2011
Қ. А. АШиМОВА
ИннОвАцИялыҚ технОлОГИяны ПАйдАлАныП,
МеМлекеттік тілде түсінік АлАтын тҰлҒАны
тәРБИелеУ 2
Ш.Ә. ҚұДАБАЕВА
МАтеМАтИкА сАБАҚтАРындА ОҚУШылАРдыҢ БіліМ
деҢГейін АРттыРУдАҒы МҰҒАліМніҢ іс-әРекеті 6
Қ.Қ. МЕРГЕНБАЕВА
сАПАлы БіліМ БеРУдіҢ неГіЗі - кОММУнИкАцИялыҚ-
АҚПАРАттыҚ технОлОГИялАР 8
Қ.ҚОЙШиЕВ, А. СЕЙДАЕВА
ОҚытУ үРдісінде ОҚытУШылАРдыҢ тАныМдыҚ
БелсенділіГін дАМытУ 9
А.О. иСКАКОВА
кАк ПРАвИльнО УчИть АнГлИйскИе слОвА 14
Ә. МОЛДАЖАНОВА
МектеПке дейінГі МекеМеде ҚАЗАҚ, АҒылШын
тілдеРін Ойын АРҚылы ОҚытУ еРекШеліктеРі 16
Ж.Ж. БАЗиЛОВ
сПецИфИкА ПедАГОГИческОй деятельнОстИ
МАстеРА ПРОИЗвОдственнОГО ОБУченИя 19
Р. АЛПыСБАЕВА
ПРеИМУЩествА ИсПОльЗОвАнИя
ИнфОРМАцИОннОй технОлОГИИ нА УРОкАх 22
Қ. АЙДАРхАНОВА
«АҚсАҚ кИік» өлеҢіне АШыҚ сАБАҚ 23
мазмұны
мұғалімдер мен оқушылардың назарына
26
Педагогикалық зерттеулер
иННОВАциЯЛыҚ ТЕхНОЛОГиЯНы ПАЙДАЛАНыП,
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ТүСІНІК АЛАТыН ТұЛҒАНы ТӘРБиЕЛЕу
Қ.А. АШиМОВА,
Астана қаласы менеждмент және бизнес колледжінің
жоғары санатты оқытушысы,
Астана қаласы
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының әлемдік демократиялық принциптеріне негізделген
егемен ел болып құрылуына байланысты әлеуметтік және экономикалық өзгерістермен жедел
даму жолына бетбұрғаны белгілі. еліміздің қоғамдық құрылымындағы және экономикасындағы
түбегейлі өзгерістер әлемдік қауымдастыққа біртіндеп кіруге жол ашуда.
Қазақстанда ақпараттық қоғамның құрылуына байланысты мектептегі оқу орнындағы барлық
мұғалімдер компьютер тілін үйреніп, оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалуға тиіс. Осыған орай
барлық оқу орындарында жаңа инновациялық оқыту технологиясы бойынша жұмыс істеуде.
Қазіргі таңда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып отыр. Біріншіден,
бұл қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмысын, әдет-ғұрпын халықтың мәдениетін, тарихын
білуге жол ашты, екіншіден, көп ұлтты халықтың қарым-қатынасындағы өндірістік, әрі тұрмыстық
қажеттілікті іске асыруға, халықтардың достық қарым-қатынасын күшейтудің құралына айналды.
Мемлекетіміздің кезкелген оқу орнында қазақ тілі ана тілі ретінде және мемлекеттік тіл ретінде
оқытылады. Оқу орыс тілінде жүргізілетін оқу орындарында қазақ тілін оқыту әдістері ана тілін
оқытудан өзгеше. Ол өзге тіл есебінде жүргізіледі.
Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі пәнінің негізгі мақсаттары - білім алушылардың қарым-
қатынас біліктілігін және танымдылық біліктілігін қамтамасыз ету. сондықтан мемлекеттік білім
беру барысында мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту жолында қабылданған заңдарды сөз жүзінде
емес іс жүзінде орындалуға ат салыстыруымыз керек.
Білім алушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын байыту, тілін дамыту, яғни,
олардың тіл туралы ғана білімін меңгерту ғана емес, қазақ тілінде сөйлесу, пікір алысуға үйрету
- қазақ тілі оқытушысының негізгі міндеті. Осыған орай әр оқытушы белгілі бір технологияны
пайдаланып, белгілі бір тақырып бойынша жұмыс істейді.
Менің көп жылғы жинақтаған тәжірибемнен байқағаным: білім алушыларға сапалы білім беру
жолында оқыту әдісін үнемі жетілдіру – әр ұстаздың басты міндеті. себебі, біздің бұрынғы бойға
сіңірген әдіс-тәсіліміз қазіргі білім алушылар сұранысына ылайық еместігін тәжірибеден көріп
жүрміз. сондықтан жас ұрпаққа жан-жақта сапалы білім, тәлімді тәрбие беру сабақта қызықты,
маңызды өткізу мақсатында оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып жүрмін, атап айтсам
мен Марал Жанпейісованың модульдік технологиясын сүйене отырып, «Жаңа инновациялық
технологияны қолданып, ойын элементтерін пайдалану арқылы, мемлекеттік тілде түсінік алатын
тұлғаны тәрбиелеу» мәселесі бойынша ізденістер жүргізудемін.
Модульдік технологияны қолдану үшін, алдымен қазақ тілінде оқыту барысында күнпа-
рақтық жоспарға не кіретінін анықтап, оны белгілі бір жүйеге келтірген жөн.
Оқытушы
модуль бойынша қандай жүйеде оқыту керектігін білсе, білім алушы модульден нені білуге, қандай
жұмыс жасауға тиіс екенін біледі.
Мысалы: жалпы модульдік тақырып: «елтану» болса, оның тақырыпшаларына: «Қазақстан
халқы», «Қазақстан табиғаты», «Қазақстанның астаналары», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»,
«Ұлттық киімдер», «Ұлттық ойындар», «Ұлттық тағамдар» кіреді.
Бұл сабақтарда жаңа материалды оқушылардың көңіліне мықты ұялатып, саналы түсінік беру
үшін оларды сабаққа қызықтыру үшін жаңа инновациялық технологияны пайдаланған жөн деп
санаймын. Осы мақсатпен өз сабағымда интерактивті тақтаны қолданып отырамын. Мысалы,
«Ұлттық тағамдар» атты сабақ интерактивті тақтамен жабдықталған дәрісханада өтті.
2
Бүгінгі күні орыс аудиториясында мемлекеттік тілді үйрету үшін барлық мүмкіншіліктерді
пайдаланған дұрыс, сондықтан осындай мүмкіншіліктердің бірі жаңа интерактивті тақта,
компьютерді, электронды оқулықтарды пайдалану деп санаймын.
Сұрақ: Бауырсақ қай тағамның түріне жатады, оны қалай әзірлейді?
Сұрақ: Ет тағамдарына не жатады?
3
Бесбармақты қалай әзірлейді?
Бесбармақтың құрамы:
қой еті
- 750 г қара бұрыш - 1 шымшым
жылқы еті
- 1270 г ұн - 375 г
сиыр еті
- 1200 г су - 1/2 кесе
пияз
- 1-2 түйір жұмырқа - 1 дана
ұсақтап кесілген көк жуа - 1 ас қасық тұз- 1 шай қасық
Жаңа тақырыппен танысу барысында мәтінді интерактивті тақта арқылы оқи отырып,
мәтіннің мазмұнын сөздік арқылы аударамыз және компьютерді қолдана отырып мәтінге
байланысты әр түрлі тапсырмаларды орындатып, жалпы мәтінге талдау жасаймыз.
Бұндағы менің мақсатым оқушыларды техникалық құралдармен жұмыс істеуге үйрету,
дағдыландыру.
Осы мақсатты іске асырудың тиімді жолдарының бірі - техникалық құралдарды пайдалану
өте тиімді деп санаймын.
кіріспе әңгіме кезінде мұғалім оқушыларды сабақты қызыға тыңдауға, мазмұнын толық
тусінуге, ақыл-ой қызметін оятуға, ынтасын дамытуға бағыттайды. келесі кезең - жаттықтыру,
ол әр түрлі болып келеді.
өзге ұлт өкілдері аудиториясында қазақ тілін оқытудың басты бір мақсаты - оқушыларды
ауызекі тілде сөйлеуге төселдіру, қазақ тілін сөйлеу құралына айналдыру, сондықтан осы
сабақтарда тіл ұстартуға арналған тапсырмалар беріледі,бұлар: үлестірме-кеспе карточкалар,
тест,бақылау, жаттықтыру тапсырмалар, суретпен жұмыс т.б. болып саналады.
Олар оқушының деңгейін, қабілетін анықтауға мүмкіншілік туғызады. Білім алушыларға
қазақша дұрыс, сауатты жазу мақсатымен әр түрлі жазу жұмыстары жүргізіледі, мысалы:
диагностика сабағы. диагностика деген оқушының материалды қалай меңгергенін тексеру.
Бұнда бірінші тапсырма бәріне бірдей және жеңіл болып келеді. Мысалы: өзара диктант алу
әдістемесі, сұрақтар тізімі бойынша жазбаша жұмыс істеу әдістемесі, сөздердің аудармасын
табу.
екінші тапсырма күрделілеу: көп нүктенің орнына керекті сөзді тауып жаз, берілген
сөздермен сөйлем құра, сөздерді топтастыру, «баяндама» оқытуға үйрету, ойынның шарты:
4
оқытушы білім алушыға бір мәтінді оқытып, соңынан оның мазмұнын сурет, белгі, сызба
түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» көршісі пайдаланып сол мәтін бойынша баяндама
жасайды.т.б.
үшінші тапсырма шығармашылық: монолог, диалог, мәтін құрау.
ең соңғы нәтиже сабағы ретінде квн, саяхат сабағы ретінде жүргізуге болады. Осы сабақта
мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар сайысын өткізуге болады. Бір сабақта бірнеше
мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету оқушыға ауыр тиеді. Ол үшін арнаулы дәптер бастап,
жазып отыруға дағдыландырған дұрыс. Арнайы дәптер оқушының оқып үйренген мақал-
мәтелдерін, жұмбақтарын, жаңылтпаштарын ұмытпауына, қайталап отыруына өте қолайлы.
Оларды оқушы өздігінен, сабақтан тыс уақытта, ізденіс жасай отырып басқа әдебиеттерден
жазып алып, оқулықтағы берілген кейбір мәтін мазмұнымен байланыстырып отыруға
дағдыланады, сөйтіп өзінің сөздік қорын молайтады.
фразеологизмді оқыту, түсіндіру жолдары мен әдістері де мақал-мәтелдер оқутымен тең
деп қарауға болады.
Қазақ тілін оқытуда ойын элементтерін қолданудың маңызы өте үлкен. Ойын оқушының
тілді үйренуге деген сенімін оятады, қызығушылық туғызады, ойлау қабілетін қалыптастырады.
Мысалы: ойындардың ішінде рөлдік ойынға тоқталсақ бұл ойын барысында барлық балаларға
бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі. Оқушылар
белсенді жұмыс істеп, бір-біріне көмектесіп, бір-бірін мұқият тыңдап, бір-бірін бағалайды,
ал мұғалім тек бағыттаушы болады. сол сияқты драмматизацияланған ойындар балаларға
керекті сөздер мен сөйлемшелерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп
және көркемдеп оқытуда көп әсерін тигізеді.
сонымен, менің ойымша, сабақта оқушының естеу, көру, ойлау, сезу, есте сақтау қабілетінің
бәрін іске қосылады.
Орыс аудиториясында мемлекеттік тілді үйретуге қойылар талапқа сай барлық мүмкіндікті
пайдаланған дұрыс. сондай мүмкіндіктің бірі - ол интерактивті тақта, компьютер, үнтаспа және
интернет ресурстарын, электрондық оқулықтарды қолдану. Бұл талаптар білім алушыларды
мемлекеттік тілді тек аудиторияда ғана емес, одан тыс уақыттарда да өз бетімен үйренуге
мүмкіншілік туғызып, болашаққа кең жол ашады деп түсінемін.
сондықтан бүгінгі күні мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыру - өмір талабы. Ал өмір
талабын орындау, құрметті қазақ тілінің майдангерлері, бәріміздің абыройлы парызымыз!
Осыған орай жыл өткен сайын жаңа астанамыздағы өзіміздің қара шаңырағымыз менеджмент
және бизнес колледжінде болып жатқан жаңарулар, жаңаша өзгерістер жоғары деңгейде алға
өріс алып жатқандығы жақсы байқалуда екенін айрықша атап өткім келеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. ххі ғасыр: оқытудың инновацияляқ технологиялары.
М.М. Жанпейісова Модульдік оқыту технологиясы. Алматы, 2002
2. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. Қарағанды 2011
3. А.Ш.Бектурова, Ш.к. Бектуров.казахский язык для всех Алматы «Атамұра» 2004
4. Б.Байсақалов Қазақ тілі Алматы «Атамұра», 2005
5. Адамбаева Ж. т.б. Қазақ тілі «Мектеп», 2006
6. Қазақстан мектебі №7 2009
5
Білім Беру саПасы
МАТЕМАТиКА САБАҚТАРыНДА ОҚуШыЛАРДыҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН
АРТТыРуДАҒы МұҒАЛІМНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
Ш.Ә. ҚұДАБАЕВА,
№54 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі
Астана қаласы
Бүгінгі таңда Қазақстанның мектептік білім беру жүйесі үздіксіз білім беру жүйесінің бөлігі
ретінде мектеп түлектерінің пәндік білім, білік, дағдыларының санымен емес, өз бетінше
шешім қабылдауға, өз бетінше еңбек етуге, саналы түрде өмірлік таңдау жасауға дайындығымен
өлшенетін жаңа сапаны қамтамасыз етуді қолға алуда. сондықтанда
егеменді еліміздің өсіп
келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық
деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мұғалімнің алатын
орны айрықша. Мұғалім балаға жаңа әлемнің есігін ашатын тұлғаның рухани дүниесінің
қалыптасуына негіз салатын тұлға.
Қазақ педагогикасының көрнекі қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы мұғалім туралы былай
деген: « ... мұғалім қандай болса, мектеп пәні сондай болмақшы. яғни, мұғалім білімді болса,
ол мектептен балалар көп білім алып шықпақшы. солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі –
білімді педагогика, әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» [2].
Қазіргі таңда мұғалімдердің негізгі міндеті – сана-сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар
жеке тұлғаны қалыптастыру және оқушылардың өз бетімен білім алу жолдарына үйрету
болып табылады. Осыған орай оқушы оқыту үрдісінде, әрбір сабақта өзінің оқу әрекетінің
мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдерімен амалдарын қолданып,
өзін-өзі бақылап отыруы тиіс. Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік,
талпыныс, қызығу, танымдық белсенділігі қалыптасады.
Мұғалім – оқушы үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп,
жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты
ізгі қасиеттерге баулитын жан. Осы аталғандарға қоса оқушының білім деңгейін арттыруда
мұғалімнің еңбегі ерекше. ендеше оқушының білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-
әрекетіне тоқталайық.
Педагогикалық мамандықтың мәні педагогикалық іс-әрекетте іске асады. Педагогикалық
іс-әрекет дегеніміз – адамзаттың жинақтаған мәдениеті мен тәжірибесін аға ұрпақтан келешек
ұрпаққа беруге, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасауға және қоғамда белгілі бір рөлдерді
орындауға даярлауға бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін айтады [2].
Психология ғылымының докторы, профессор Қ.Жарықпаевтың пікірінше: «әрекет
дегеніміз түрлі қасиеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс».
Психолог ф.н. Гоноболин «Бір мақсатқа біріккен әрекеттердің жиынтығын ғана іс-әрекет»,-
деп анықтама берді [3]. Ол белгілі бір ұзақ уақытқа созылуымен сипатталады.
кәсіби бейімділік пен педагогикалық шеберлікті меңгеру, жетілдіру үшін мұғалімдер
педагогикалық іс-әрекеттің түрлерін (диагностикалық, ұйымдастырушылық, ақпаратты-
түсіндірушілік, коммуникативтік-ынталандырушылық және т.б.), құрылымын, оған
байланысты білімді және оны жүзеге асыру жолдарын білулері қажет.
Педагогикалық іс-әрекет туралы айтқанда біз мұғалімнің бір рет жасаған әрекетін емес, ұзақ
уақыт бойы осы салада қалыптасып қалған әрекеттерінен тұратын оның мектепке жасаған
күнделікті жүйелі еңбегін айтамыз. сонымен, оқушылардың білім деңгейін арттырудағы
мұғалімнің іс-әрекеті дегеніміз – оқушының білімін жетілдірудегі, түрлі қажеттерді өтеуге
байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процессті айтамыз. яғни мұғалімнің сабақ
6
үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлері. ендеше математика
сабағындағы оқушылардың білім деңгейін арттырудың кейбір жолдарына тоқтала кетейік.
Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері.
Ауызша есептеуге берілген жаттығулар оқушылардың тез ойлай білу, жылдам шешім
қабылдай білу сияқты қабілеттерін дамытуға көмектеседі. сондай – ақ ауызша есептеулер
сабақты түрлендіріп өткізуге де септігін тигізеді. ендеше ауызша есептеулер оқушының ойлау
қабілетін танымдық белсенділіктерін қалыптастыруда зор мүмкіндіктерге ие болады.
есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі.
Оқушылардың шама-шарқына, психологиялық жас ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-
жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою. Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға
біріктіру, қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей
дәрежеде орындала бермейді. Оқушылардың қабілет деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты,
олардың бәрі бірдей есепті шығара білу білігі бірдей деуге де болмайды.
Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан бастау алатыны белгілі. Ал негізгі орта білім
беру деңгейінде бұл тәсіл уақыт үнемдеу тұрғысынан өте тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін
бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны,
соңғы нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған
қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін
таңдап алуды үйретуге де мүмкіндік мол. Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын
қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. сабақта оқушылардың ойлау қабілетін
дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуға үйреткен жөн.
Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін
математика кабинеттерінде интерактивті тақталарды кеңінен қолданған тиімді. дегенмен де
оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің маңызы ерекше. Барлық ғылыми-техникалық
білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру, олармен
өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. әр сыныпқа арналған
оқулықтарда қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулар, есептер, практикалық тапсырмалар,
суреттер қарастырылған.
Өздік жұмысты ұйымдастыру тәсілдері.
өздік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру,
шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын арттыру
болып табылады. өздік жұмысты оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың
құрылымына да, оқушының білім деңгейін арттруға да әсерін тигізеді. өзіндік жұмыс үшін
оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған тапсырмалар ұсынылады.
кей кездерде өздік жұмыс үшін тапсырма әрбір оқушыға жеке дара беріледі. Бұл жағдайда
тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын атап айтқанда, тұлғалық ерекшелігін ескере
отырып, жіктеуге болады. сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы
қамтамасыз етіледі. өздік жұмысты сыныпта жүргізу оқушылардың сабаққа деген ынтасын
арттырады. өздік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды үлестірмелі материалдар бойынша
ұсынған да тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін
ескеруге мүмкін туады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өздік жұмыс түрлерінің
өзгеріп отырғаны жөн. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз
бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.
Бір сөзбен айтқанда мұғалім сабақта қандайда бір әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,
балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін
арттыруға мүмкіндік туғызып отыру мұғалім шеберлігінің көрсеткіші болып табылады.
сонымен, негізгі орта білім беру деңгейінде математиканы оқытуда оқушылардың білім
деңгейін арттыру үшін, ең алдымен біздің яғни, мұғалімдердің іскерлік дайындығы, оқу
процесінде шығармашылықпен ізденуі, педагогикадағы жаңалықтарды, әр түрлі әдіс –
тәсілдерді қолдану керек екенін білгеніміз жөн.
7
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Муканова с.д., Аринова Г.к., Баймбетова л.Р., Алдыбаева ә.с. Инновациялық әрекет жағдайындағы
мұғалім. әдістемелік құрал. - Астана, 2010.
2.
сейталиев к. Педагогиканың жалпы негіздері. Оқу құралы. –Алматы: «өлке», 2009 182-185 б.
тютебаева Г.н. Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы
мұғалімнің іс-әрекеті// вестник кАсУ №1 - 2005. Электронный ресурс:
www.vestnik-kafu.info/journal/1/20/
САПАЛы БІЛІМ БЕРуДІҢ НЕГІЗІ -
АҚПАРАТТыҚ-КОММуНиКАциЯЛыҚ ТЕхНОЛОГиЯЛАР
Қ.Қ. МЕРГЕНБАЕВА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы
Қазіргі кезеңде еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу
тәрбие үдерісіндегі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып,
ақпараттық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Қазір мұғалімдердің басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,
қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың түрлерін меңгеріп, оқу-тәрбие процесінде
оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану. сондықтан қазіргі білім беру саласында
оқытудың озық технологияларын оқып-үйреніп меңгермейінше, жоғары сапалы – сезімді,
білікті және білімді, сауатты кәсіби маман болу мүмкін емес.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыру да педагогтардың біліктілігін ақпараттық–
коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша арттыру басты міндеттерінің бірі
болып табылады. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің
басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»
- деп көрсетілген. солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және
оқыту құралы болатын- компьютер. соңғы жылдары білім беру саласында компьютерлік
техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа
ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу
қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың рөлі мен орны туралы
ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану
формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Ақпараттық технология – білім беру
мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және оқушыларға
білім беруші құрал. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу барысында компьютерді
пайдалануға, модельдеуге және ин
т
ерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге,
электронды оқулықтарды пайдалануға, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру,
логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму
мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, оларды ақпараттық
қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін
оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы
Достарыңызбен бөлісу: |