В.С.Кукушкин өзінің “Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі“ атты еңбегінде тәрбиелеу жүйесінің негізгі бағыттарын нақтылайды
В.С.Кукушкин өзінің “Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі“ атты еңбегінде тәрбиелеу жүйесінің негізгі бағыттарын нақтылайды: - әр мектептің өзіндің тәрбие жүйесінің тұжырымдамасының болуы; - тәрбиелеу жүйесінің жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі; - тәрбие жүйесінің тұлғаға бағытталған еркіндік кеңістігінің қалыптасуы; - мектеп пен қоғамның өзара байланысына негізделуі; - жүйелі түрде салауатты өмір салтының қалыптасуы; - әр мәселенің жариялылық тұрғыда әділ шешілуі; - мектептегі қарым-қатынастың ізгілікке бағытталуы;
Тәрбие жүйесін құруда төмендегідей принциптер басшылыққа алынады.
Тәрбие жүйесін құруда төмендегідей принциптер басшылыққа алынады.
Мақтау – тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылған жақсы баға. Жазалау – қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс. Жарыс – қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын балалардың ұжымдағы іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі.
Тәрбие бағыттары
Рухани-адамгершілік тәрбие
Ұлттық тәрбие
Отбасы тәрбиесі
Патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие
Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты
Зияткерлік тәрбие,Ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Еңбек экономикалық және экологиялық тәрбие
Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие.Бұл бағыттың мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптастыруға, тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға ықпал ету, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.