Қазіргі мектептегі тәрбиенің мазмұны. Тәрбиенің түрлері, әдістері және құралдары


Жетінші бағыт - зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі



бет4/4
Дата25.11.2023
өлшемі5,58 Mb.
#127321
1   2   3   4
Байланысты:
834726.pptx

Жетінші бағыт - зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі.
Бұл бағыттың мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру; балалар мен жастардың тұлғалық ұстанымдарын жандандыру, ақпаратпен жұмыс жасауда функционалдық дағдыларын, ақпараттық өзара әрекеттесуде этикалық нормалары мен құндылықты мақсаттарын қалыптастыру. Зияткерлік мектептердегі тәрбие жұмысының ерекшелігі- оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары және қосымша білім беру арқылы түрлі бағытта білім және дағдыларын дамыту. Оқушылардың шығармашылық, физикалық және зияткерлік дамуы үшін оқушыларға үйірмелер мен қызығушылығын арттыратын сабақтар (спорт, көркемөнер, зияткерлік, техникалық), жаратылыстану – математикалық бағыт аясындағы ғылыми – зерттеу, білім беру ұйымдары негізінде еліміздегі және шетелдердегі сыныптан тыс және элективті курстар ұсынылады. Табысты тәрбие жұмысының негізгі шарты оқу – тәрбие үдерісіне Зияткерлік мектептің барлық қызметкерлерінің қатысуы және мектептің ата – аналарымен ынтымақтастығы болып табылады.
Сегізінші бағыт - дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Бұл бағыттың мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігі үшін кеңістік орнату. Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.

Тəрбие құрал-жабдықтары – бұл əлеуметтік тəжірибенің педагогикалық тəуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы əрқандай заттың бəрі тəрбие құрал-жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері жəне т.Б. – Тəрбиелік ықпалға ие. Тəрбие құрал-жабдықтары тəрбиеленушіге өздігінен əсер етеді, сонымен бірге оларды тəрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін. Тəрбие құрал-жабдықтары қандай да тəрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тəрбие əдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тəрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды- техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді, іс-əрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рəмізін айқындай түседі. Құрал-жабдықтар белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық, инабаттылық, құқықтық талаптарға сай болуы шарт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет