Мектептегі сыныптан тыс жұмыстың есебін жүргізу құжаттары:
1. Сыныптан тыс жұмыстардың есебін жүргізу журналы.
2. Үйірме және секция жұмыстарын жоспарлау және есеп журналы
3. Дене тәрбиесі жетекшісінің күнделігі.
4. Дене тәрбиесі ұжымы жұмысының есебін жүргізу журналы.
Ал енді осы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда басты басшылыққа алатын кейбір мәселелерге тоқталар болсам, адам ағзасының негізгі қызметінің қалыптасып жетілуі баланың жастық шағында, әсіресе мектеп жасында (6-14 жаста) жүзеге асады. Сондықтан осы кезеңде оған әсер ететін факторларды барынша тиімді пайдалану қажет. Сыныптан тыс ұйымдастырылар шаралардың қай-қайсысы да балалардың қалыптасып жетілуіне, санасына, жан-жақты дамуына ықпал ете алатындай болуы шарт.
Мысалы, серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін толықтыра алатындай, тамаша адамдардың әңгімелерін ести алатындай, денсаулығына пайдалы болатындай жерде белгіленген жөн.
Ал сыныптан тыс денені шынықтырудың жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жаттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Сондай-ақ, «Тән қуаты болса,
жан қуаты да ажарлы болады» - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай,ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі – табиғат факторлары. Күннің көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді болады.Сыныптан тыс шаралар кезінде осы мәселерге де баса назар аударып, жоспарлы түрде сауатты жұмыс жүргізіп отыру қажет.
Қорыта келе айтпағым,дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Адамның салауатты өмір салты қозғалыс белсенділігімен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Табиғат өскелең ұрпаққа қозғалу қажеттілігін сыйлаған деп айтуға болады. Бірақ, қазіргі кезеңдегі адамның бала кезінен қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі байқалады. Үйде, бала бақша мен мектептерде балалардың қозғалыс мұқтаждығы өте төмен.Бала денсаулығын сақтаудың алғы шарттарының бірі – қимыл-қозғалыс деңгейі. Адам тіршілігіне ауа, су, тамақ қандай қажет болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша. Сондықтан оны өмір сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептеу керек. Табиғаттың өзі адамның қолына физиологиялық теңдесі жоқ денсаулық тәсілін беріп отыр, ол- қимыл-қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, жігеріне, әркімнің өз басының тікелей жауапкершілігіне байланысты. Ал қимыл-қозғалыстың аздығы (гипокенезия) – денсаулықты бұзатын себептердің бірі.
Сол себепті де балалар мен жасөспірімдердің ағзаларының (жүрек, кан тамыр, тыныс жүйелерінің және т.б.) функционалдық мүмкіншіліктерін арттыратын, жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратына дамыту әсерін беретін және гиподинамиялық өтімділікті алдын алу үшін дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында жеткілікті шұғылдану қажет болып саналады.
Мектепте де оқушылардың дене тәрбиесі сабағынан білімін жетілдіру керек, өйткені дене жүктемелерін дұрыс қолдану, оны ары қарай жетілдіру жолдарымен оқушы жастар таныс емес. Дене жүктемелерінің адам ағзасына пайдасы мен қаншалықты әсер ететінін осы дене тәрбиесі білімі арқылы көпшілікке жеткізу дене тәрбиесі мен спорт мамандарының міндеті болып табылады. Бұл тек күнделікті сабақ үстінде ғана емес, сыныптан тыс шараларды да жүйелі жүргізу арқылы да іске асуы тиіс.
Тақырыбы: « Мен чемпион» (Спорттық ойын)
Мақсаты: Мектеп балаларына салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болатындығын көз жеткізу.
Іс – шараға қажетті құралдар: доп, жалау, маскалар, орамал, арқан.
Барысы:
Спорт залына марш сазымен 2 топтың балалары екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тізіліп тұрды.(бір топтың балалары – жасыл киімде, екінші топтың балалары – сары киімде)
Жүргізуші: Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер.
1.
2.
3.
Жүргізуші: Бүгін екі топ жарысқа түседі. «Мергендер», «Жүйріктер»
Эстафеталық жарысымыз 3 бөлімнен тұрады:
1 бөлім – «Таныстыру»
2 бөлім – «Жарыс түрлері»
3 бөлім – «Қимылды ойын»
«Мергендер»
Мерген, мерген, мергенбіз,
Бәрін көздеп жеңгенбіз.
«Жүйріктер»
Топты бастап жүретін,
Жүйріктерміз біз алды.
Жеңісті қолдан бермейтін
Жүйріктерміз біз мықты.
Жүргізуші: Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
1.Эстафеталық ойын: «Жалауды тез жеткіз»
Әр топтан 4 баладан шығады. Балалар жалауды ұстап кеглилердің арасынан жүгіреді, ата-аналар шармен секіріп барып қайтады.
2.Қимылды ойын: «Арқаннан секіру»
3.Эстафеталық ойын: «Әтештер сайысы»
Әр командадан 2ұл, 2қыз баладан шығады. 2 кіші шеңбердегі балалар бір-бірімен күш сынасады.
4 ойын: «Орамал тастамақ»
5.«Жүйрік ат»
Әр командадан 5 баладан шығады. Балалар үлкен доппен секіріп барып, жүгіріп қайтады. Ата-аналар кіші допты аяқтың арасынан қысып секіріп барып шелекке лақтырып дәлдеп түсіреді.
6.«Сиқырлы доптар»
Жүргізуші:Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп күш – жігер намысымыз осылайша қуанышпен думандатып аяқталды халайық жарысымыз. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Құттықтап, ата-аналарды «Алғыс хатпен» марапаттау.
Жүргізуші: Осылайша жарыс жолын тартамыз
Барлығымыз көңілді қайтамыз
Балаларды шынықтырған, жаттықтырған
Жаттықтырушы ағайға рахметімізді айтамыз!
Достарыңызбен бөлісу: |