Қазіргі уақытта барлық деңгейдегі білім сапасына қойылар талап күннен-күнге артып келеді



Дата06.01.2022
өлшемі23,16 Kb.
#15374
түріРеферат
Байланысты:
5 (8)


Қазіргі уақытта барлық деңгейдегі білім сапасына қойылар талап күннен-күнге артып келеді. Осыған орай соңғы жылдары елімізде сапалы білім беру мәселесіне басымдық беріліп отыр, өйткені ХХІ ғасырдың стратегиялық ресурсы адамның алған академиялық білімін сауатты қолдана білуі болып табылады.

Осы ретте «академиялық жазылым» деген термин айналымға кеңінен еніп жатыр. Оның себебі де жоқ емес. Атап айтар болсақ, Қазақстанда реферат пен курстық жұмыстарды, диплом мен диссертациялық жұмыстарды жазу жөнінде ұсыныстар беретін еңбектерді кездестіруге болады, алайда ғылыми мәтіндерді қалай құрастыруға үйрететін еңбектер жоқтың қасы. Мектеп те, жоғары оқу орны да өз бетінше зерттеу жұмыстарын жазуды үйретпейді: мектепте академиялық жазылым дағдыларын дамыту жұмыстары жүргізілмейді, ал жоғары оқу орнында мәтіндердің сауаттылығына жауап беретін мамандар жоқ. «Сауаттылық» ұғымын орфография мен пунктуация ережелерін білу деп ұғынатындар көп немесе оны «тіл мәдениеті» ұғымымен алмастыру жиі кездеседі.

Осы орайда «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері» атты оқу құралының авторларының бірі – филология ғылымының кандидаты Бекзат Бегалықызы Динаевамен сұхбаттасқан еді.

-Қазақстанда ғылыми мәтіндерді қалай құрастыруға үйрететін еңбектер жоқтың қасы. Мектеп те, жоғары оқу орны да өз бетінше зерттеу жұмыстарын жазуды үйретпейді: мектепте академиялық жазылым дағдыларын дамыту жұмыстары жүргізілмейді, ал жоғары оқу орнында ғылыми мәтіндерді құрастыруды үйрететін пәндер жоқ.
Осы ретте академиялық жазылым және оқылым негіздерін қазақ тілінде баяндауға жасалған алғашқы қадам ретінде Сіздің Бекзат Бегалықызы және әріптесіңіз Сәбира Сапинаның құрастыруымен «Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері» атты оқу құралы жарық көрді. Оқырмандарымызға «академиялық жазылым» дегеніміз не екенін түсіндіріп берсеңіз.

- «Академиялық жазылым» ұғымы нені білдіреді? Жалпы жазу, жазылым деген не? Жазу не үшін керек? Интернеттің дамыған заманында жазудың қажеті қанша? Электронды құралдардың, ұялы телефондардың мүмкіндігі орасан үлкен және баршаға қолжетімді қазіргі кезеңде жазудың қажеттігі аз болып көрінуі рас. «Алыс-жақын жерлерден жылдам хабар алғызған» электронды құрылғылар жазудың біраз түрін (хат, жеделхат) керексіз етіп шығарғанымен, жазу, оның ішінде академиялық жазылым, студенттік ортада, жұмыс кезінде кең қолданылады. Қазақ жастарының шетелдік оқу орындарында білім алуы, мектеп оқушыларының төменгі сыныптардан бастап шағын ғылыми жобалар орындауы, студенттер мен магистранттардың күрделі ғылыми зерттеулер жасауы, осының бәрі жазу әрекетінің маңызын жоймағанын, тіпті артып отырғанын көрсетеді. Оқушылар мен студенттер, магистранттар, докторанттар конспект, реферат, ғылыми мақала, ғылыми жоба, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік, докторлық диссертация жазу керек болса, жұмысқа тұрған кезде жазу қызметкердің нақты қызметтік міндеттеріне кіреді. Қандай да бір жұмыс туралы сараптамалық талдаулар, қорытындылар, есептер, қызметтік хаттар жаза білуі тиіс, сауатты жаза білу күнделікті өмірде де қажет.

Академиялық жазылым дегеніміз – зерттеушінің ғылыми мәтіндерді оқуына, түсінуіне және жазуына мүмкіндік беретін тілдік құзіреттілігі. Академиялық жазылым – бұл әлемдік білім беру салаларында және ғылыми ортада кең таралған ақпараттық үдерістерді, академиялық қарым-қатынастарды, халықаралық тәжірибе алмасуларды жаңаша дамытуға бағытталған құзыреттердің дәстүрлі түрі. «Академиялық жазылым» термині әлемдік білім беру жүйесінде, әсіресе, академиялық қызметке дайындық дәрежесін, яғни университетте немесе колледжде оқуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға, сондай-ақ ақпараттық дереккөздермен байланысты кез келген кәсіби қызметпен шұғылдануға және қандай да бір құжаттарды жазуға қажетті дайындығын анықтау үшін кең қолданылады. Осыған байланысты академиялық сауаттылық деңгейі абитуриенттің университетке дайындығын, сонымен бірге маманның басшы болуға әзірлігін айқындауға меже болып табылады.

Академиялық жазылым – эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы. Академиялық жазылым – жеке ойлары мен идеяларын білдірудің және оны негіздей білудің әрі оларды мақсатты аудиторияға жеткізе білу дағдысы. Академиялық жазылым – бұл ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу тілі мен стилін таңдап, қолдана білу дағдысы. «Академиялық жазылым дағдысын білу – бұл академиялық ортада табысты болудың негізі», – дейді Ресей ғалымы И.Б. Короткина. Академиялық жазылым жазбаша қатысыммен байланысты мәселелерді шешуді талап ететін дағдыларды дамытуға бағытталған. Біріншіден, осы дағдылар кешенін қазақстандық мамандар әлі де терең меңгермеген десек қателеспейміз, оған дәлел ретінде мекемелердегі хат алмасу тіліндегі кемшіліктерді айтуға болады. Екіншіден, академиялық жазылым сауаттылығы сол мамандарда белгілі бір қиындықтар тудырады. Айталық, мемлекеттік қызметкерлер Қазтест бойынша жазылымнан диктант, мазмұндама, эссе жазуда ақсап жатады. Бұдан шығатын қорытынды: бұл құзырет түрі қазіргі ақпараттық технологиялар заманындағы кез келген маманның немесе басшының кәсіби жетістігін анықтайды.



Шетелдік тәжірибеде «Академиялық жазылым» пәні EAP – English for Academic Purposes (академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі) пәнін оқыту арқылы жақсы таныс. Оның ғылыми-әдістемелік базасы өте жақсы әзірленген, оқу құралдары жеткілікті. Бұл пән Батыста Академиялық оқылым, Академиялық тыңдалым және Академиялық сөйлеу (Academic Reading, Academic Listening және Academic Speaking) сияқты академиялық дағдыларды дамытуға бағытталған кешендік пәндердің қатарынан орын алады. Академиялық жазылым бағдарламалары шетелде ауқымды рөл атқарады, яғни оған маман даярлаудың барлық кезеңінде білім берудің (жекелеген курстар бойынша жазбаша жұмыс түрінде есеп беру), зерттеу жұмыстарының (жоба, диссертациялар жазу), дереккөздермен жұмыс істеу, сілтеме беру сияқты әмбебап зерттеу жұмыстарының ажырамас бөлігі ретінде маңызды көңіл бөлінеді. АҚШ пен Еуропаның барлық ірі университеттерінде академиялық жазылым орталықтары бар және олар арнайы мамандандырылған орталықтармен ынтымақтастықта бірлесіп қызмет етеді. Академиялық жазылымды оқытудың алғашқы қарлығашы ретінде британдық университтеттерді танимыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет