Мәліметтердің кіру және сақталуы. Жинақталған мәліметтерді ЭЕМ –де өңдеуге дайындау керек. Осы қойылған мақсат бойынша алғашқы талдау орындалады. Қойылған талапқа сәйкес келмеген мәліметтер істен шығарылады.Аймақтық ГАЖ –дың негізгі тақырыптық карта болып табылады. Сондықтан да ең басты көңіл қоятын жағдай картографиялық ақпараттың толықтығы мен нақтылығына байланысты.Картографиялық ақпараттың ең басты орын алатын айла -өңдеу пішінділігі, бұл алғашқы мәліметтердің жойылу мен бұрмалауына әкеліп соқпауы керек.
Картаны ЭЕМ –ге кіргізу екі сатыға бөлінеді: контурлық бөлімді сандау және аңызды кодпен жазу. Картаның аңызды кодпен жазылуы арнайы жіктеулік өңдеуге сәйкес болуы керек.Бұл сатыда ең басты көңіл қоятын жағдайдың бірі –ол ТТҚ –ның стандартты түрде жазылуы, оның ұатарына тікелей ТТҚ – ның анықтамасы, сонымен қатар жеке компоненттік меншіктеу, картографиялық ақпараттарды кіргізу үшін алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізіледі, содан кейін картаның контурлы жағы талабына сай саналады.
Мәліметтерді талдау. Пайдаланушының сұранысына байланысты мәліметтерді талдауды атқару тәртібі оның іріктелуі мен ізденісінен басталады. ГАЖ мәліметтік талдаудың мүмкіндігін әр түрлі тәртіпте қойылады: үлгілік, сараптамалық және анықтымалық. Қажетті түрде статистикалық мәліметтер орындалады (корреляциялық, регрессиялық, факторлық, десперсиялық), ол іріктелудің бірыңғайлығын айтуға көмектеседі, жіктеулік тапсырманы шешуге көмектеседі.
ГАЖ –дың ең басты мағынасы имитациялық үлгілеу жүйесіне сүйінеді, яғни ЭЕМ –нің математикалық үлгісінің көмегімен табиғи зерзатты біліп-оқу.
Математикалық әдістің ЭЕМ –ге тәртібі машиналық тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді, мұның іске асуы табиғи жағдайда өте қымбатқа түседі немесе кейбір нақтылы тұжырымдарға байланысты мүмкін емес.Қазіргі заман талабына байланысты ГАЖ –ды жабдықтау үшін географиялық әдістер мен тәсілдерді қолдану қажет. ГАЖ –дағы маңызды орын алатын нәрсе – ол картаны автоматтандыру арқылы құру, яғни бар ақпаратты суреттеу үшін пайдалану, сонымен қатар имитациялық үлгілеу немесе сарапты бағалардың шешімдерін ұсыну.