Жоспар: акт-ның анықтамасы. Акт пәні және оның мақсаты



Дата16.02.2023
өлшемі2,59 Mb.
#68617
Байланысты:
АКТ

  • Жоспар:
  • АКТ-ның анықтамасы.
  • АКТ пәні және оның мақсаты.
  • АКТ-ның рөлі.
  • АКТ құралдары.
  • Білім берудегі АКТ.
  • Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық, кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
  • АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) – бұл есептеу техникасы құрылғыларын, сондай-ақ телекоммуникация құралдарын қолданып жүзеге асырылатын ақпараттармен өзара әрекеттесу процесстері мен әдістері.
  • Ақпараттық-коммуникациялық технология – ол ақпараттарды түрлендіруге және өңдеуге бағытталған технология.
  • АКТ әр түрлі механизмдерді, құрылғыларды, алгоритмдерді, мәліметтерді өңдеу тәсілдерін сипаттайтын жалпы ұғым болып табылады.
  • АКТ-ның негізгі мақсаты – білім алушының қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни білім алушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу.
  • Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу:
  • ұқыптылыққа;
  • нақтылыққа;
  • берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына;
  • басты мәселеге назар аудара білуге;
  • өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға; дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
  • АКТ-ның маңызды заманауи құрылғылары:
  • қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған компьютер;
  • ішіне қажетті ақпараттар енгізілген коммуникация құралдары.
  • Білім беру жүйесінің ақпараттық ортасы үшін АКТ-ның негізгі құралы – ол қажетті жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандырумен, сондай-ақ аспаптық құралдармен жабдықталған дербес компьютер.
  • Заманауи қоғамда:
  • мәтіндік процессорлар;
  • презентациялар;
  • электрондық кестелер;
  • графикалық пакеттер;
  • органайзерлер;
  • мәліметтер қоры және т.с.с. әмбебап қолданбалы бағдарламалар мен АКТ құралдары кеңінен қолданылады.
  • Ғаламдық компьютерлік желі көмегімен қас-қағым сәтте әлемдегі ақпараттық ресурстарға:
  • электрондық кітапханаларға;
  • файлды сақтау қорларына;
  • мәліметтер қорларына және т.б. жетуге болады.
  • Желі басқа да кеңінен таралған АКТ-ны қолдану мүмкіндігін береді, оларға жаңалықтар тобы, электрондық пошта, чаттар, тізімдер, таратылымдар жатады.
  • Онлайн (нақты уақыт режимінде) хабар алысу:
  • cеанс орнатылғаннан кейін мәтінді, дыбысты, бейнені және әр түрлі файлдарды жіберу;
  • әр жерде орналасқан қолданушылар компьютерімен біріккен байланыс орнату, аудио және бейне конференция ұйымдастыру мүмкіндігін береді.
  • Телекоммуникациялық желілерде тиімді іздестіруді ұйымдастыру үшін автоматтан-дырылған іздестіру бағдарламалары қолданылады.
  • Оның мақсаты ғаламтордың әр түрлі ресурстарынан мәліметтерді жинау және қолданушыға оларға жылдам қол жеткізуді ұсыну.
  • Іздестіру жүйелері құжаттарды, мультимедиялық файлдарды, адамдар мен ұйымдар туралы адрестік ақпараттарды, бағдарламалық қамтамасыз етулерді табуға болады.
  • АКТ қолдану:
  • оқу, әдістемелік және ғылыми ақпараттарға қол жеткізу;
  • кеңестік көмек беруді жедел ұйымдастыру;
  • ғылыми және зерттеу қызметтерін модельдеу;
  • нақты уақыт режимінде виртуалды сабақтарды (дәрістерді, семинарларды) жүргізу;
  • қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру
  • мүмкіндіктерін береді.
  • Электрондық оқу басылымы барлық оқытылатын ақпарат көлемін сақтау және беру мүмкіндігін беретін маңызды технология болып табылады.
  • Оларды желі арқылы және оптикалық тасушылар арқылы таратуға болады.
  • Электрондық оқу басылымы ақпараттарды графиктік динамикалық түрде ұсыну мүмкіндігін береді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет