ГАЖ мәліметтердің негізгі екі түрімен жұмыс істейді:
кеңістіктік (картографиялық, векторлық) мәліметтердің географиялық зерзатты және кеңістіктің формасы мен кеңістіктің байланыстарын бейнелейді;
бейнелік ( атрибут,кестелік) мәліметтер сан мен мәтіннен тұратын географиялық зерзаттың мәліметтік, бейнелік ақпараттар базасын құрайды.
Жеке кесткелер өзара негізгі сөздермен байланыста болады, оларды белгілі бір индекстермен, байланыстармен, т.б. белгілеу мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар олар кеңістіктік мәліметтермен байланысты.
Кеңістік мәліметтердің екі негізгі түрі бар: векторлық және расторлық.
Векторлық түрде мәліметтер нүкте, сызық, контур түрінде болады.
Расторлықта жүйелік торлар түрінде кездеседі.
Мәліметтер төменгі географикалық зерзаттарды қамтиды:
нүкте;
сызық;
полигон
Өмірдегі зерзаттар – ағаш, қоныс, т.б. түрінде бейнеленеді. Сызық түрінде – жол торабы,су торабы, көшелер, т.б. Полигон –аумақтық бөліктер.
Мәліметтің біршама қасиетті компонетекендігі айқын. Кеңістіктік мәліметтер ді басқару үрдісінде ГАЖ геоақпараттарды басқа түрдегі мәліметтермен біріктіреді. Мысалы, электрондық карталардығы қауіпті зерзаттар жақындығы,топырақ құрлымы, халық саны туралы мәлімет өзара байланысты (ГАЖ –дың көмегімен шешілетін тапсырмаларға байланысты). Сноымен қатар күрделі және бөлшектенген жүйедегі ақпараттарды жинау мен өңдеу қазіргі кездегі зерзаттардың жағдайына, ТТК (табиғи- территориялық кешен) қабаттарынан алынған мәліметтердің қайнар көзін қартадағы зерзаттармен байланысты.
Мұндай тәсілдер,мысалы, эпидемия немесе ормандағы өрт сияқты қауіпті жағдайлармен кездесуде қолданылады.
Нақты тапсырмаларды шешуде бағдарламалық өнімде жұмыс істейтін адамдар қолданушылыа болып табылады.Бағдарламаны қамтамасыз етуде жұмыс істейтің адамдарды ГАЖ –дың тиімді жұмыс істеуі үшін өңдеушінің қарастырылған әдісін сақтау керек, сондықтанда жұмыс орынының дайындықсыздығы тіпті ең сәтті өңдеуде де өзінің әсерін тигізеді. ГАЖ –ды қолданушылар: жүйені қолданатын және өңдейтін техникалық мамандар мен күнделікті өмірде кездесетін географиялық мәселелерді шешуге қолданылатын қарапайым қолданушылар. /15/
ГАЖ әдісі. ГАЖ-ды ойдағыдай және нәтижелі қолдану, көбінесе, дұрыс құрау мен жұмыс ережелері бойынша жүргізіледі.
ГАЖ құрылымы төмендегідей төрт міндеттемеден тұрады:
картадан алынған кеңістіктегі тапсырмаларды өңдеу мен барлап білу және енгізуді қамтамасыз ету немесе мәліметтердіь енгізу;
сақтау және іздеу. Талдануға тиісті мәліметтерді шұғыл алу, олардың маңыздылығын дәлелдеп түзету;
талдауды жасау және өңдеу.Есепті шұғыл түрде шешу;
мәліметтерді әр түрде бейнелеу (карта, кесте, сурет диаграмма блогы, жергілікті сандық үлгі т.б.).
ГАЖ –ды қолдану негізінде біз кеңістіктегі көп мөлшерлі мәліметтерді, сандық карталарды қолдану арқылы бір уақытта талдау жүргізуге мүмкіндік береді және экологиялық болжам мен табиғи ортаға әсердің кешенді бағалау процедураларын оңайлатып, аномалияларды жедел түрде анықтап, оларды жоюға арналған қажетті шараларды ұйымдастыруға көмектеседі.