Қазіргі заманғЫ Қазақ тілінің негізі



бет4/31
Дата08.03.2022
өлшемі0,98 Mb.
#27264
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Қазіргі заманғы қазақ тілінің негізі

ФОНЕТИКА

ЛЕКСИКОЛОГИЯ

ГРАММАТИКА

Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы

Тіл санамен, ойлаумен тікелей байланысты.

тарих ғылымымен, оның ішінде, этнографиямен, археологиямен байланысы бар

әдебиет тану ғылымымен өте-мөте тығыз байланысты.

Тіл санамен, ойлаумен тікелей байланысты. Сана объективті шындықтың адамның жан дүниесінде бейнеленуі. Ойлау – осы бейнелену процесі және нәтижесі, адамның жоғары жүйке жүйесінің өзіндік қасиеті. Ойлаудың пайымдау, ақылға салу, ой қорытындысын жасау, баға беру сияқты қасиеттері бейнелі ойлау, техникалық ойлау және логикалық ойлау деген түрлерге жіктеледі. Бейнелі ойлау қабылдау жылдамдығы жағынан, ұғыммен түсінікті, ұғым мен бағалауды бірлікте қарастыруымен ерекшеленеді.

Психологтер тілімен айтқанда, сөйлеу дегеніміз – әрекет. Әрекет – белгілі бір нәтижеге жету үшін бағытының, мақсатының бірлігі арқылы топтасқан процестердің жиынтығы. Адам сөйлеу үшін алдына белгілі мақсат қояды, сол мақсатқа жету үшін адам сөйлеу мүшелері арқылы әр түрлі артикуляциялық, акустикалық әрекеттер жасайды. Айырмашылығы сөйлеудегі әрекет тілдік тұлғалардың жанама қатысы арқылы іске асады. Сөйлеу тілдік материалдар арқылы жүзеге асады және тілдің заң-ережелеріне, нормаларына бағынады. Тіл мен сөйлеу бір-бірінен ажырамас табиғи бірлікте. Сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы. Сөйлеу әрекеті сөйлеу, есту, ұғыну сияқты үш бөліктен тұрады. Сөйлеу дегеніміз – тілді қатынас процесінде өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет